Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет306/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
348 
жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес». Қазіргі экономикалық 
реформалардың барысында әрбір іскер адам, жалпы алғанда, әрбір азамат осы нақыл 
сөздерді терең сезінуі қажет, ол қазіргі бизнес этикасының негізгі қағидаларының 
бірі болса екен дейміз. Сонда ғана іскерлер «Мерседес» мінудің орнына, жиналған 
қаражаттарына жаңа жұмыс орындарын ашып, өзін қарапайым ұстап, шынайы 
халықтың алғысына кенеліп, қоғамдағы абыройлы әлеуметтік топқа айналады. 
«Тәкаппарлықты тәңір сүймес», «Көңілі пасық ерде дәулет болмас» деген нақыл сөздер 
де жоғарыдағы айтылған ойларға жақын екенін оқырман сезінген болар. 
«Ескі темір біз болмас, ескі мақта бөз болмас», «Қар қаншама қалың жауғанмен - 
жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек — күзге бармас» деген нақыл сөздердің де 
терең сыры бар. Өйткені Дүниедегі барлық құбылыстар мен заттар уақыттың 
шеңберінде өмір сүреді, олай болса, әр нәрсе өз уақытында ғана құлды, оның өз өлшемі 
бар. 
«Ат қиналмай жол шалмас», «Ақылсыз балаға ата дәулетінен Қайран жоқ» деген 
нақыл сөздер де өмірлік тәжірибеден алынған. Дүниеде бақытқа жету үшін қиындықтар 
мен қайшылықтардан етіп, тек ақылмен жасалған ұлағатты істер атқару қажет деген 
ойға әкеледі. 
«Кімнің батыр, кімнің бақыл екенін жырау білер» дегең нақыл сөз тек 
көпшіліктің мүддесі үшін істелген істер ғана құнды қоғамның алға басуының тетігі, 
негізі деп қарағаны болып шығады. Сонымен Қоркыт атаның қалдырған терең 
философиялық ойлары (ел қорғау, ар-намыс, бірлік үшін күресу, ізгі ниетте болу
ұлағатты іс-әрекеттермен халықтың рухында қалып, өлместік дәрежесіне көтерілу 
т.с.с.) ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып қала беретініне біз кәміл сенеміз. 
Орта ғасырлардағы отандық философияда ерекше орын алатын, бүкіл 
дүниежүзілік ағарған кауымға мәлім тұлға Жусіп Хас Хаджиб Баласағұн (1017-
1083 жж.) Баласағүн қаласында дүниеге келген, ол сол кездегі Қараханид 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет