Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет307/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
349 
мемлекетінің сауда, қолөнер, мәдениеті дамыған басты қалаларының бірі болған. 
Негізгі еңбегі «Құтадғу біліг» (Құтты білік) - түрік тілінде жазылған алғашқы 
мәдени-эстетикалық, философиялық дастан. Ол- қазіргі түркі тілдес халықтардың 
Орта ғасырлардағы тарихы, қоғамдық саяси өмірі, ғылым мен әдебиеті, әдет-
ғұрпы, жалпы 
алғанда, мәдениеті жөнінде қыруар мол деректер бар туынды. 
Ж. Баласағүнның ойынша, Дүние жер, су, от, ауадан тұрады. Адам баска 
тіршіліктерге қарағанда, ерекше жаратылған пенде. Оның жан-дүниесінен өнер, 
білім, ақыл-ой, көңіл, ұятты табуға болады. Соңынан ұлы Абай да осы рухани 
құндылықтарға үлкен мән берген болатын. Әсіресе таным, білім мәселелерін 
ойшыл жоғары орынға кояды: 
«Білім биік, ақыл ұлық, 
Білімсіздік - ауру...», деп қорытады ұлы ойшыл.
Дастанның арқауы ретінде 4 қағиданы көрсетуге болады. 
Біріншісі - әділеттілік, өйткені мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ 
жаратын әділ заңдар болуы кажет. Баласағұнның айтуынша, кісіге үш дүние 
пайдалы: Ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі - ұят, үшіншісі - әділдік. Бұл үшеуі 
арқылы адам шын бақыт табады. Ісі ізгі болса, бүкіл халық сүйеді. Ісі әділ болса, 
төрге шығады. 
Екіншісі - бақ-дәулет. «Барлық ізгі нәрсені байқап көр», дейді ұлы бабамыз. 
Үшіншісі - ақыл-парасат. «Білік берді — адам бүгін жетілді,
«Ақыл берді – талай түйін шешілді». 
Төртінші – қанағат – ынсап: 
«Дүние сүйікті болғаны үшін бүкіл айыбы 
Саған игілік болып көрінеді, ей, елден асқан кымбаттым! 


Нуржігіт Алтынбеков 
350 
Кімде-кім дүниеге көңіл байласа,
Тіршілігі оған ауыр тауқымет әкеледі». 
Ойшыл осы төрт құндылык - әділет, дәулет, қанағат, ақыл -бір-бірімен 
үндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетеді деп қорытады. 
«Құтты біліктегі» «білік» сөзінің екі мағынасы бар. Оның бірі «білім» болатын 
болса, екіншісі - «билік ету», «елді басқару». Соңғы мағынада ойшыл: 
«Бек халықты тек білікпен сендірер, 
Барлығын да акылына жөңдірер,
Дана келсе елді ұзақ билегің – 
Заңды ұстап, бұрсын елге бүйрегің», - дейді. Өзінің дүниеге деген көзқарасында 
Ж.Баласағұн рухты бірінші орынға кояды. Адам - акыл-парасаты бар ерекше пенде, 
ақыл адаммен қоса жаратылады. Сондықтан дүниеде адам зерттеп білмейтін 
нәрсе жок. Адамның ақыл-парасаты құдіретті:
«Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,
Білім - жарык, нұрын саған шашатын. 
Кісі ұланы қара жерге қол салды, 
Көтерді бәрін, білімін ол қолданды». 
Өзінің шығармасында Ж.Баласағүн имандылық, әдептілік, жалпы тәлім-тәрбие 
жөнінде де тамаша өсиеттер калдырды. Оның ойынша, адамдардың карым-
қатынасында үш жаман нәрсе бар. Олар: жауыздық істеп, мәмілеге келмей 
қасарысып тұрып алу, яғни қазіргі тілмен айтқанда, компромиске, келісімге келмеу; 
екіншісі -жалған сөзбен шұғылдану. Тіл, бір жағынан, адамды білікке жеткізсе, 
екінші жағынан, адамды өмірден әкетуі мүмкін; үшіншісі -сараңдық: «Дүние
жинайды, жемейді, артында қалады», - деп қорытады ойшыл. Жалпы алғанда, 
ойшыл аскетгік өмір салтын жақтайды. Оны біз мына сөздерден байқауымызға 
болады: 
«Баянсыз Дүние қылығын ұқтырады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет