Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет315/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
361 
тәрбиеленген көп шен иелері жаңа ғана қалыптасып жатқан мемлекеттің шеңберінде 
өздерін бүкілұлттық сана-сезімнін, талаптардың деңгейінде ұстай алмай, өз
қамын ойлауға, жемқорлыққа көшкендерінің негізгі себебі де осында жатса керек. 
Қ.А.Яссауи бабамыздын сездерімен айтсақ, сол кезде пендешілік руханияттылықтан
басым болып, «өзімшілдік», қоғамдық мүддемен санаспаушылық өз тойын тойлады. 
Бүгінгі таңда, мемлекетті басқаруға жаңа ұрпақтар легі келгең кезде, нарықтық
қатынастар бірте-бірте заңды жолға қойыла бастады да, сол себепті қоғамдық 
ахуал да басқаша өзгере бастады. Қазіргі басты міндеттердің бірі қоғамның
рухани өмірің жандандырып, адамгершілікті басым ұстау болып отыр. Сонда 
ғана қоғамның бірлігін нығайтып, қарапайым адамдардың өмірге деген ынтасын 
арттыруға болады. Ал оның өзі біздің бостандығымыздың іргетастарын
нығайтып, бүкіладамзаттық қауымның шеңберінде абыройлы орын алуға 
мүмкіншілік береді. Расында да, адам бұл өмірде жалғыздан-жалғыз өмір сүрмейді, 
менің еркімнің шеңбері екінші адамның еркінің аумағына жеткен кезде тоқталуы 
қажет. Белгілі француз ойшылы Ж.П.Сартр айтқандай, «еркіндік дегеніміз
адамның басқалардың алдындағы жауапкершілігінің ауыр жугі». Біреу күйзеліс 
пен зардап шегуде болған жағдайда, екіншінің қанша дәулеті тасығанымен, бақытты 
болуы мүмкін емес. Қ.А.Яссауи бабамыздың даналығы - қоғамдағы күйзелістен 
шығу жолдарын қайсыбір зорлық-зомбылықтан, қантөгістен, төңкерістен іздемеуі. Ол 
Сократтың «өзіңді тани біл», Будданың «ең ұлы жеңіс - адамның өзін-өзі жеңе білуі» 
деген қағидаларына жақын жолды ұстайды : 
«Залым егер жәбір қылса, Алла дегіл, 
Қолың жайда, дұға оқып мойын сұңғыл. 
Құдай тілек бермесе, сабыр қылғыл, 
Хақтан естіл Бұл сөздерді айттым, міне». 
«Сабыр түбі — сары алтын» деген халықтың нақыл сөзі осы -Яссауидің
жоғарыдағы ойларымен үндесіп жатыр. Адамзаттың өткен жазұлы тарихында 
зорлық-зомбылықтың негізінде бақытты қоғамды орнатқан бірде-бір ел аталмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет