Нуржігіт Алтынбеков
369
шақырады.
«Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер...
Хан мен билер қысқанда, халық қайтып күн көрер?
Онда халық түнерер.
Халыққа қысым күш берер,
Халықтың кегі күшке енер» - деп, ұлы жырау ұстем тапқа халық атынан
қатты ескерту жасайды.
Сонымен қатар Асан қайғы қоғам өміріндегі моральдық қағидаларға да кеп көңіл
бөледі. Оның ойынша, әділдік - өтірік-өсекпен, алдау-арбаумен қабыспайды; даналық -
өткен күндегі шындықты іздеу; қорқақтық - жау мен жауыздың алдында қашқақтау;
залымдық - әлсізге жәбір көрсету; ақымақтық - айтқан ақылға көнбеу; т.с.с.
Асан қайғы - қазақ жерінен шыққан алғашқы утопист. Елдің ауыр тұрмысы,
табиғат қатаңдығы, оқтын-оқтын болатын жұт, аштық т.с.с. оны қатты күйзелтеді.
Табиғатқа қарсы тұру, оны өзгерту керектігі сияқты Батыс қоғамдарында пайда
болған идеялар көшпенділерге тән нәрсе емес еді. Сондықтан ұлы жыраудың
назары «жерұйықты» іздеуге бағытталады. Оның суы сүт, топырағы - май, тасы -
алтыға, онда халық зардабы, соғыс, тартыс-қырқыс дегендер жоқ, бай да, кедей де
жоқ, бәрі де - жеткілікті, бәрі де - бақытты. Ол мұндай «жұпар қорығын» өмір бойы
іздеді. Ол, әрине, қай халық болмасын, бақытты өмірді аңсаған армандарының бір
көрінісі еді.
Жоғарыда көрсетілген ой-толғаулар XVI ғ. өмір сүрген жыраулардың
шығармашылығында өз жалғасын тапты. Бұл кезеңнің көрнекті өкілі өмірден жастай
кеткен Доспамбет жырау болды (30 жасқа келгенде, Астрахан манындағы бір
шайқаста қаза табады). Оның толғауларынан өткен әскери-демократия кезеңіндегі
көшпенділердің ерік пен теңдік, өз елін қорғаудағы ержүректік қасиеттерін, мақтаныш
еткенін байқаймыз.
Нуржігіт Алтынбеков
370
«...Айнала бұлақ басы тең,
Азаұлының Стамбұлдан несі кем? - деген сұрақ қойып, олай болса, «...Ер
Доспамбет ағаның Хан ұлына несі жоқ,
Би ұлынан иесі кем!
Тәңірінің өзі берген күнінде,
Хан ұлынан артық еді менің несібем!» - деп, өзін ең жоғары тұрған тұлғалардан
кем санамайды. Шіркін, осы белгілі бір орталыққа бағынбауды мойындамайтын
еркөкіректік болашақта халықты қандай апатқа әкелетінін, әрине, ол сезіне алмады:
айнала қоршаған әлеуметтік ахуал оны мүмкін кьглмады.
Ел-жұрт үшін ерлік жасағанын мақтаныш етіп, өз өмірінің әрбір күніне қанағат
етеді:
«Тоғай, тоғай, тоғай су.
Тоғай қондым өкінбен,
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Бүгін-соңды өкінбен,
Ер Мамайдың алдында Шахид кештім, өкінбен».
Жыраудың ойынша, әңгіме бұл өтпелі фәниде ұзақ та солғын өмір кешуде емес,
оны мазмұнды өткізуде. Яғни ол қазіргі тілмен айтсақ, өмірден алу, иелену, байлыққа
масаттану емес, керісінше, болуды аңсаған ержүрек батыр.
XVI ғ. көрнекті жырау Шалкиіз Тіленшіұлы болды. Жыраудың ой-толғаулары ел-
жұртты қорғау, адамның қысқа өмірін той-думанмен өткізу, әлсізге қол ұшын беру т.с.с.
әдеттегі тақырыптарға арналса да, өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы,
халықтың белгілі бір орталық билікке бағыну керектігі. Темір биге арналған
толғауында жырау:
|