Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет324/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
374 
жөніндегі ойлары пісіп-жетіліп, жаңа сапалық деңгейде көріне бастады. 
Осы кездегі жыраулардың ішінен Ақтамберді, Үмбетей, Қожаберген, Бұқар, 
Шал ақынды ерекше атауға болатын сияқты. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайы, 
арманы мен мұны бұл жыраулардың шығармаларында кеңінен орын алды. 
Өкінішке қарай, оқұлықтың көлемі жыраулардың бәріне де тоқтауға мүмкіншілік 
бермейді. 
Бұл Дүниеде ұзақ өмір сүріп, XVII ғ. екінші, XVIII ғ. бірінші жартысын қамтыған 
- жыр алыбы Бұқар жырау болды. Жырау өмірінің жас кезінде Тәуке ханның 
жанында болса, өмірінің 
соңында - Абылай ханның ақылшысы, кеңесшісі. Сол кездегі сұрапыл заманды 
жырау былайша суреттейді: 
«Ай, заман-ай, заман-ай, 
Түсті мынау тұман-ай, 
Істің бәрі күмән-ай... 
Арғымағын жоғалтып, 
Тай жүгірткен заман-ай», - деген жолдардан сол кездегі халық тағдырындағы 
қайғылы да күңгірт ахуалды көзге елестетуге болады. 
Осы ақынның сөзімен айтсақ: 
 «Асан атты іспетті 
Ен жайлауынан көшкен жұрт.
Зар илеп, баспай өксікті, 
Ауыр күнді кешкен жұрт», - дейді. 
Ол неге соншалықты қамықты, оның себебі неде болды деген сұрақ қойсақ, оған 
жырау былайша жауап береді:
«Ақтың жолын күзетпей, 


Нуржігіт Алтынбеков 
375 
Жамандықты тұтқан жұрт.
Сабыр етпей сандалып,
Сайда көшіп, жортқан жұрт. 
Өз ағасын сыйламай,
Өзгенің соңынан ерген жұрт.
Ханына тізгін бермеген,
Орысқа ырғын болған жұрт.
Ханның ойын білмеген 
Жауына таланып қалған жұрт...
Бірауызды болмаған,
Тозуды тосқан біздің жұрт...». 
Бұл шумақта жырау халықтың арасындағы бітпейтін алауыздықты, бір орталық 
билікке бағынбай, оның әлсіз болып қалғанын, сол себепті әрбіреудің сілтеген жағына 
ауытқып, өз-өзін жоғалтқанына тоқтала келе: «Өзіңнен-өзің безбе жұрт», - деген терең 
нақыл сөздер айтады. 
Сол себепті де, Бұқар жырау барлық жан-тәнімен Абылай ханның бүкіл халықтың 
басын біріктіруге бағытталған саясатын қолдап, өзінің жыр-толғауларында оның 
тұлғасын мақтаныш етеді:
«Басына біткен күніңіз,
Құтты болсын ұлыңыз.
Хан Абылай атанды...
Алтын тақтың үстінде
Үш жүздің басын құрадың. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет