Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет320/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
367 
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең», - дейді ақын. Бұл сөздерден біз «дала демократиясының» 
шеңберінде ерікті өскен жыраудың қоғамдық қатынастардың қандай болуы тиістігі 
жөніндегі ой-арманын байқаймыз. Бірақ елде тыныштық жоқ, қырғын-тартыс бір 
де толастамайды:
«Бекіре ойнар ақ Жайық,
Бес қаруын асынып, 
Батырлар жауға жортқан жер... 
Көрінген мынау көк Нарын, 
Ойран салып өткен жер», - деген жолдардан жыраудың, бір жағьнан, дала 
батырларының ерлігіне сүйсіне, екінші жағынан, тоқталмайтын тартысқа өкіне 
қарайтынын сезгендейміз... 
XV ғ. аса көрнекті жыраулардың бірі - Асан қайғы. Оның аты ғасырлар бойы 
халықтың жадында сақталып, аңызға айналып кеткен. Жырау өмір сүрген уақыт - 
Алтын Орда мемлекетінің ыдырап, жаңа қазақ хандың мемлекеттігінің қалыптаса 
бастау кезеңі болатын. Міне, Асан қайғы осы күрделі де жауапты іске 
атсалысып, жаңа мемлекеттің ірге тасын қаласқан ұлы тұлға. Халықтың қамын
көп ойлап, сол кездегі ел басындағылардың кемшіліктерін, кейбір тайыздықтарын 
көрсетіп, оларға ақыл беріп, дұрыс жол сілтегені үшін оны халық Асан қайғы деп 
атап кеткен. Жырау өзінің ішкі көкей көзімен болса да халықтың тарихындағы 
шешуші кезең келгенін сезіп, жаңа мемлекеттілікті құру жолында кетіп жатқан 
қателіктерді әшкерелеп, Жәнібек ханға былай дейді: 
«... Ай, Жәнібек хан! 
Айтпасам білмейсің,
Жайылып жатқан халқың бар, 
Аймағын көздеп көрмейсің.


Нуржігіт Алтынбеков 
368 
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып, терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай Өзеуреп неге сөйлейсің?». 
Әрине, мемлекетті құру үшін халықтың алып жатқан жерін анықтап, оны қорғай 
білу керек, оны жырау жақсы тұсінеді. Ал «қымыз ішіп, қызарып» деген жолдары тіпті 
қазіргі заманға дейін өзекті: бүгінгі халық тарихының шешуші кезеңінде, осындай 
ауқымды көлемде қазақ жерінде тарихи алғашқы рет халықтың басы бірігіп, жаңа 
заманға сай мемлекеттілігін орнатып жатқан кезде, қаншама ірі-кіші лауазым иелері 
әлі де болса өз қалтасын мемлекеттің қазынасымен шатыстырып, «мастанып, 
қызын», қызмет бабын өз мүддесіне жаратып, жаңа мемлекеттің абыройына нұқсан 
келтіруде! Бұл да болса ұлы жыраудың даналығын көрсетеді. 
Ал «Аққу құстың төресі, 
Ен жайлап көлде жүр еді. 
Аңдысып жүрген көп дұшпан, 
Еліңе жау боп келеді», - деген жолдардан жыраудың 
қазақ халқының болашақтағы қалмақтармен қақтығысын, бодандыққа
ұшырайтынына алаңдап, сезгені сиякты ой келеді. Ол жаулардан құтылудың 
негізгі жолы - бейбіт өмірді қамтамасыз ету. 
«Еділ бол да Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп түрыспа», - деген ақыл айтады ұлы жырау. Қазақ халқына нағыз 
керек нәрсе - ол ел бірлігі, рулар мен тайпалардың арасындағы тартыс, қантөгіске 
тыйым салу. «...Есенің де тірін де, Бір болыңыз бәріңіз!» - деп ұран тастайды Асан 
қайғы. Асан қайғы халықты бірлікке шақырып қана қоймай, оны қалай қамтамасыз 
ету керектігін талдайды, ел бастайтын топты халық қамын ойлауға, әділеттілікке 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет