Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


болуы мүмкін апаттан аман сақтап қалып



Pdf көрінісі
бет329/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

болуы мүмкін апаттан аман сақтап қалып, оның сана-сезіміне жаңа 
құндылықтарды енгізу арқылы оны жерге тұрақтандыру болды. Өйткені 
көшпенділік өмір салтының негізгі фақторы - жер көлемі - кедейленген орыс 
шаруаларын қазақ жеріне әкеліп отырғызу саясатының негізінде жылдан-жылға 
қысқара бастады. Ал мұның өзі күйзелісте тұрған көшпенділік мал шаруашылығын 
толығынан күйретіп, елде аштықпен қатар мыңдаған жылдар бойы созылып келген 
өмір салты, әдет-ғұрып құндылықтары адамдардың жандүниесінен ажыратыла 
бастады. Бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдағаң жылдардағы тарихында болмаған 
«зар заманды» тудырып, адамдар өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтып, қазіргі тілмен 
айтқанда, экзистенциалдық вакуумге келіп тірелді. Халықтың өзін-өзі жоғалту қаупі 
туды. Мүндай ахуалда көп жыраулар бұрынғы өткен өмірді көкседі (қазіргі кеңес 
қоғамын көксеп жүрген кейбір саясаткерлер сияқты). 
Алайда Тарих өткен жолдарын қайталамайды, сондықтаң өткенді көксеу - тарихи 
тұйықтыққа әкеліп тірейді. Мұны түсінген халық ағартушылары Шоқан Уәлиханов, 
Ыбырай Алтынсарин, Абай Кұнанбаев секілді ұлы тұлғалар халықты жаңа өмірге 


Нуржігіт Алтынбеков 
383 
баұлып, оны сауаттықты ашуға, білімге, еңбекқорлыққа, белсенді өмір 
салтына, жасампаздыққа шақырды. 
Қазақ даласындағы ағартушылық көшін бастаған аса дарынды ұлы тұлға Шоқан 
Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865 жж.) болды. Өзінің қысқа өмірінің шеңберінде 
ол өте көп істер тындырып, тек қана қазақ халқының өткен тарихын, әдет-ғүрпын, 
жалпы руханиятын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар сол кездегі нақтылы 
өміршеңді мәселелерге атсалысып, қалың бұқараның мүдделерін аса батылдықпен 
қорғап, соның жолында «аққан жұлдыздай», өкінішке қарай, ерте жанып кетті. 
Шоқанның онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, ол 
күнбе-күнгі адамнын тәжірибесінен шығатын, сол кездегі жаратылыстану
ғылымдарына сүйенетін материалистік бағытта болды. Оның тікелей болмыс 
жөніндегі еңбектері болмағанмен, оны біз Шоқанның қазақтардың шамандық
(бақсылық) өмірсезімін талдауынан байқаймыз. Шамандықты көшпенділердің 
алғашқы көне діні ретінде қарап, ойшыл Табиғаттың сиқырлы да үрейлі күштерінің 
осы діндс бейнеленгені жөнінде айтады. Яғни Табиғат бірінші де, адамның өзі сол 
табиғаттың төл туындысы болғаннан кейін, езінің сана-сезімінде айнала ортаны 
дұрыс, я болмаса қияли бейнелейді. 
Енді ойшылдың әлеуметтік болмыс жөніндегі көзқарастарына келер болсақ, ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет