Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет326/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
378 
«Он екі айда жаз келер,
Құс алдында қаз келер. 
Айтын-айтпай немене,
Дәуреніңіз аз келер...». 
Жыраудың ойынша, адам да басқа кұбылыстар сияқты, өз өмірінің саты-
сатыларынан өтеді. Оны ол ғажап шеберлікпен, қазіргі тілмен айтқанда, 
экзистенциалды түрде қарайды:
«Балалық он жасыңыз
Балғын өскен кұрақтай.
Жиырма деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай.
Отыз деген жасыңыз
Таудан аққан Бұлақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеулі түрған кұр аттай. 
Алпыс деген жасыңыз
Күзгі сокқан жел екен.
Жетпіс деген жасыңыз
Жетім қалған күң екен...». 
Жырау дүниенің қайшылықты екенін, олардың бір-біріне өтіп жататынын басып 
айтады: 
«...Айнала ішсе таусылмас 
Көл суалмас демеңіз. 


Нуржігіт Алтынбеков 
379 
Құрсағы құшақ байлардан 
Дәулет таймас демеңіз...». 
Жыраудың ойынша, бұл дүниеге келіп, уақыты келгенде бәрі де кетіп жатыр. 
Сонымен қатар өлместік дәрежеге жететін бір-ақ нәрсе бар. Ол - адам: 
«...Ай мен күннің өлгені - 
Еңкейіп барып батқаны. 
Айдын шалқар өлгені - 
Мұз болып тастай қатқаны. 
Қара жердің өлгені - 
Қар астында жатқаны. 
Өлмегенде не өлмейді? 
Жақсының аты өлмейді, 
Ғалымның хаты өлмейді», - деп қорытады ұлы ойшыл. Тек адам ғана өзінің 
шығармашылығымен, жақсы істерімен, өмірде өзінің ізін қалдыра алады. Сонымен 
қатар адам өзінің өмірінің соңы болатынын білетін пенде болғандықтан, ол өмірге 
ешқашанда тоймайды, оның арман-қиялдары, үміті таусылмайды, ол шексіздікке 
ұмтылған жан: 
«Аруды таңдап сүйсе де, 
Алтынды үйге кірсе де, 
Аспанда жүлдыз аралап, 
Ай нұрын ұстап мінсе де, 
Арманын қоймас адамзат! 
...Қапалы күні қабарып. 
Қайғының күні төнсе де, 
Үмітін жоймас адамзат! 
Жақындап ажал тұрса да, 
Жаныңа қылыш ұрса да, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет