Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет353/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
413 
материалдық-техниқалық жағынан қандай биік сатыға көтерілгенмен, рухани жағынан 
сондай тайыздыққа төмендеді, оның дәлелі - орасан зор қылмыстық, маскүнемдік, 
нашақорлық т.с.с. қазіргі уақытта бізге жақсы таныс құбылыстар. Мәдениетті нарық 
жолына қою - тобырдың нәпсі, дене интенцияларына (бағыт) байланысты дөрекі 
мәдениет формаларын тудырды. Биік өнер тек қоғамның элитарлық аз тобының 
мүдделерін қанағаттандырады. Адамның қоғам өміріндегі мәртебесі оның байлығымен 
анықталатын болды. Ә.Фроммның айтуына қарағанда, «иелену арқылы болу» негізгі 
адам өмірінің мән-мағынасын анықтайтын принципке айналды. Сонымен тән 
ләззаты бірінші орынға қойылып, материализм бағыты тек қана философияда ғана 
емес, бүкіл өмірді шырмап, толығынан жеңді. Біз марксизмнің өзі Батыс 
дүниетанымының логикалық аяқталуы екенін естен шығармауымыз керек. 
Енді Шығыс цивилизациясына келер болсақ, ол қауымдастыққа, қоғамдық 
мүдденің жеке адамға қарағанда жоғары тұруына негізделген. Бұл принципті өзінің 
логиқалық аяғына шейін жеткізіп, бүкіл жекеменшікті жойып, оны тотальды 
(біртұтас) мемлекеттендіру арқылы жаңа қоғамды орнатуға бағытталған орасан зор 
әлеуметтік тәжірибе кеңес елінде сәтсіздікке әкелгенін таяудағы тарихтан жақсы 
білеміз. Біршама Шығыс елдерінде өндіргіш күштер осы уақытқа шейін төмен 
деңгейде, кедейшілік, күнбе-күнгі ең қажетті нәрселердің жетіспеушілігі көп 
жылдарға созылған ауруға айналды. 
Сонымен қатар кейбір Шығыс елдері (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік 
Қорея т.с.с.) өз ділі мен мәдениетін сақтаудың негізінде ең соңғы озық 
технологияларды игере біліп, постиндустриялық цивилизация сатысына көтерілді. 
Осы жолмен тез қарқынмен дамып келе жатқан жаңа ғана алғынан тұрып, 
болашаққа ұмтылған алпауыт Қытайды да атап кетуге болады. 
Өз 
егемендігін 
алған 
Қазақ 
елінде 
реформалар 
басталғаннан 
кейін 
көп 
ұзамай, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет