Нуржігіт Алтынбеков
475
II БӨЛІМ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология )
§ 1. Болмыс ұғымы
Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін оқуды «материя»
ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені ол маркстік философияның, жалпы
алғанда, бүкіл материалистік бағыттың негізінде жатқан ұғым болатын-ды. Мұндай
жағдайда сонау көне заманда пайда болған «болмыс» ұғымы ескерусіз қалған болатын.
Алайда бұл көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер еніп, философия пәнінің ең шегіне
жеткенінше көлемді ұғымы -
болмыс категориалдық жүйеге енгізілді. Оның негізгі
себебі,
болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі, көлемі жағынан кең: материя мен
рухты
бірдей қамтиды, өйткені дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір
сүреді, ол, бір жағынан,
материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші
жағынан, материалдық емес —
идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып
кеткеніндей, Ққдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей
алмайды, ол - ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан
дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас.
Осы түрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде «болу»,
«өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» - «быть», ағылшын
тілінде «being» - «tо bе» деген етістіктен шыққан). Олай болса,
болмыс ұғымы -
Достарыңызбен бөлісу: