Нуржігіт Алтынбеков
476
тап болғанын байқаймыз. Өйткені айнала қоршаған дүниеге
зерделі көзбен қараған
адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да,
Дүниеде біртуар тұлға да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде -кетеді.
Далада жатқан тас та мыңдаған жылдардан кейін кұмға,
шаңға айналып, ғайып
болады. Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің
бабаларымыз Дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл Дүниені «Ұлы
сағым - Мая» деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты «жоғала
бастаған болмыс», «Дүние дегеніміз – мәңгілік қалыптасу» деп түсінді.
Оқырманның байқағанындай, болмыс категориясын жете түсінудегі
негізгі
қиындық, бір жағынан, Дүниенің
ағымдығы, екінші жағынан, ол қанша өзгеріске
түссе де -
өмір сүріп қала беруі. Бұл ахуалды өзеннің суымен салыстыруға болар еді:
ол әрқашанда ағыста болғанымен - таусылмайды, өмір сүріп қала береді.
Болмыс ұғымы - мейлінше кең ұғым болғаннан кейін,
оған қарсы тұрған ұғым -
бейболмыс, яғни ештеңе, жоқтық.
Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмұн жағынан
алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ,
соған қарамастан, сонау көне заманнан
бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы
екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның
өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің тұп-
тамырында жатқанын көрсетсе керек.
Бұл
ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы даосизм ағымында
болмыс «дао» үғымы арқылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы
да көп мағыналы: бір жағынан, ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде
түсінілсе, екінші жағынан, болмысты бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағынаға
бөлінеді: ол «бірінші дао» - абсолютті болмыс, және «екінші дао», я болмаса «дэ» -
көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі Дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да, көре
алмайсың, қанша тыңдасаң да,
ести алмайсың, оған ат кояйын десең де, коя
алмайсың, өйткені көне Қытай ойшылдары айтқандай оның аты жоқ. Демек, ол не