Нуржігіт Алтынбеков 494
бірімен болуы мүмкін байланыстарға түседі. Сол себепті, статистикалық
заңдылықтардың негізінде әрбір бөлшектің бағытын білу мүмкін емес, ол оныц
дербестігін, тәуелсіздігін көрсетеді, тек олардың жиынтығының заңдылықтарын
ғана анықтауға болады. (қараңыз: П.В.Алексеев., А.В.Панин. Философия., М.,
Проспект, 1998, 424-6.). Термодинамиканың екінші бастамасы Дүниеде
дезинтеграция (ыдырау), энтропия (күш-қуаттың төмендеуі), хаос (бытырау)
үрдістері жұріп жатқанын мойындайды. Ал мүның өзі де заттар мен кұбылыстардың
болмыстағы «өз еріктігіне» деген «ұмтылысын» көрсетпей ме? Өйткені олардың
әрбіреуінің болмыста өз негізі бар! Классикалық механиканың негізгі қағидаларының
бірі -эрбір зат өзінің салмағы арқылы ерекшеленеді, ал оның өзі бастапқыдан
бір-бірінен тәуелсіз берілген.
Тірі табиғатта да біз осындай жайттарды байқаймыз. Мысалы, ағаштың
бұтақтарында өсіп тұрған 50 мың жапырақтың бір-біріне толығынан ұқсас екеуін
тауып алу мүмкін емес. Әр жапырақ дүниеге өз болмысымен келіп, соңында --
кетеді. Бір ананың бойында өсіп, дүниеге келген егіз - екі түрлі болып келеді, олар
қанша бір-бірімен ұқсас болғанымен, тәуелсіз, қайталанбайтын ұқсас емес
жақтарымен танылады.
Ал егерде адам болмысына келер болсақ, «Дүниеде болу _ ерекшеленуге»
теңеледі, яғни эр тұлға өз бойындағы табиғи дарындарын ерістетіп, дамыту арқылы
өмір сүреді. «Адам құқтары» аталатын бүгінгі таңдағы кең таралған қағида өзінің
тереңге кететін түп-тамырында тәуелсіздік ұғымына, тұлғаның басым-дылығына
негізделген. Бугінгі қоғамдарды шарпыған әлеуметтік аномияның (ауытқудың) терең
себептерінде адамдардың өз болмыстық негіздерінің дамуына қанағаттанбаушылық
жатыр. Сондай-ақ әр халық өз тәуелсіздігіне жетуге, соның негізінде мәдени
құндылықтарын, дүниесезімі мен дүниеқабылдауын сақтауға тырысады.
Қоғамнын рухани саласына келер болсақ, тек қана өзіндік болмысымен көрінетін
төл шығарма ғана құ-ндылығымен танылады. Сол себепті Құрманғазы мен Абайдың,
Қастеев пен Тәттімбеттің т.с.с. шығармалары халықтың санасында мэңгілік