Нуржігіт Алтынбеков
493
Жалқы мен жалпы категорияларымен
тығыз байланысты, болмыста терең
тамырланған ұғымдар - тәуелсіздік пен тәуелділік ұғымдары.
Бұрынғы философия оқулықтарында бұл ұғымдар жоқ болатын-ды.
Бірақ
бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет орнатып жатқан кезде,
олардың мән-
мағынасы кұрт өсуде, өйткені тәуелсіздік -
кейбір әдебиетте кездесетіндей,
бұрынғы одақтас кеңес республикаларындағы ұлттық элитаның билікке деген
ұмтылысынан пайда болған құбылыс емес, оның түп-тамыры
тереңде -
болмыстың өзінде жатыр. Тәуелсіздіктің баянды болуы, онын қазақ халқына ауадай
қажеттігінің негізінде осындай философиялық пайымдау жатыр.
Енді осы айтылған тұжырым жалаң болып көрінбес үшін, оны дәлелдеп көрелік.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Дүниеде
- Жер болсын, аспан болсын, біз екі бір-
біріне толық ұқсас зат, я болмаса құбылысты таба алмаймыз. Микроәлемдегі
элементарлық бөлшектерден бастап Мегаәлемдегі жүлдыздарға дейін әрбір зат, я
болмаса құбылыс тек өзіне тән болмысымен сипатталады. Даралық және
қайталанбастық, басқаға ұқсамастық, жалпы алғанда, материалдық және рухани
болмыстың өмір сүру тәсілі болып табылады. Оны өз уақытында Эпикур болжамдаған
болатын. Оның ойынша, атомдар кеңістікте кұлдырап бара жатқан кезде алғашқы
бағытынан «өз еркімен» ауытқиды. Қазіргі ядролық физиканьщ деректеріне
сүйенсек, бүгінгі таңдағы ашылған 300-ге жуық
элементарлық бөлшектердің
эрқайсысының өз табиғаты, сыры бар. Ең ақырында, бүгінгі таңдағы ашылған ең
ұсақ бөлшектер адрондардың құрылымын құрайтын кварктардың өздері «бір-
бірінен салыстырмалы түрде тәуелсіз және біршама
еріктіктің деңгейінде өмір
сүреді» (қараңыз: Материалистическая диалектика., М., Мысль, 1983, 61-6.).
Әсіресе көрнекі түрде тэуелсіздіктің сипатын тірі жэне өлі табиғаттағы,
қоғам
өміріндегі статистикалық үрдістерден байқауға болады. Мысалы, газ табиғаты
жөніндегі қазіргі теориялар әрбір молекуланың бір-бірінен тәуелсіздігін көрсетеді.
Тек қана сырттай шектеу қойылған кезде ғана (белгілі бір құйманың ішінде) олар бір-