Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет40/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
41 
шеңберінде бұларға өзі жауап табуға тырысса екен дейміз. Қорыта келе,
философияның негізгі мәселесінің бірінші -онтологиялық жағы «Бұл Дүние не?» 
деген сұраққа жауап берсе, екінші - гносеологиялық, праксеологиялық, 
аксиологиялық жақтары «Бұл дүниені қалайша танып-біліп, бағалап, өзгертуге 
болады?» деген сұраққа жауап береді.

§ 6. Философияның негізгі функциялары 
( functio-латын сөзі,орындалу жасалу,істейтін қызметі) 
Жоғарыда көрсетілгендей, философия - ғылым мен өнер салаларына 
ұқсас, сонымен қатар адамзаттың мәдениетінде ерекше орын алатын пән. Ол өзінің 
әртүрлі кырларымен қоғам мен адам өміріне жан-жақты әсерін тигізеді, бүгінгі 
рухани дағдарыстағы адамзатқа оның жаңа өмір бағытын іздеудегі 
талпыныстарьнда философияның орнын асыра бағалау қиын. 
Философия Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл - осы 
пәннің ең негізгі функцияларының бірі. 
Әрине, қайсыбір адамның да Дүниеге деген көзқарасы бар. Ол тұрпайы, 
фантастикалық, діни, мифологиялық т.с.с. болуы мүмкін. Ертедегі гректердің 
айтқанындай, адам өзінің толық кемеліне, әсіресе рухани жағынан алғанда, пісіп-
жетілуі сатысына 40 жасқа келгенде келеді екен. Оны олар «акме» деп атаған. Яғни 
адам өмірде сол жасқа шейін шыңдалып, талай рет маңдайы тасқа соғылып, 
күнделікті өмірден тәжірибе қорытып, осы қоршаған Дүние, қоғам өмірі, 
адамдардың бір-бірімен катынасы жөнінде белгілі бір көзқарасқа келеді. Әрі қарай 
жүре келе, ол тіпті белгілі бір даналық сатысына көтеріліп, қартайған шағында 
философиядағы ашылған өмірге деген көп қағидаларды сол пәнді оқымай-ақ өз-өзіне 
тағы да ашуы мүмкін. 
Алайда, бүгінгі таңда, қазақ мемлекеті жаңа ғана қалыптасып, өзінің күшіне кіріп 


Нуржігіт Алтынбеков 
42 
жатқан уақытта, бүкіл дүние жүзіндегі халықтар мен мемлекеттерге есігімізді кең 
ашып жаткан шағьмызда, өз келбетімізді сақтап қалуымыз үшін (оны ғылымда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет