Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет495/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
557 
ғылым саласы - синергетика - тіпті кездейсоқтықтың қажеттілікке карағанда 
іргетастығын мойындайды. 13 млрд. жыл бұрын «Ұлы жарылыс» басталғанда, сансыз 
кездейсоқтықтың ішіндегі белгілі бір кездейсоқтық Ғарыштың осы түрін туғызып, 
Дүниеге тіршілік, акыл-ой келді. Басқа кездейсоқтық іске асқанда, Ғарыштың басқа 
түрінің келуі мүмкін болатын. Бірақ, қалай дегенде де, Ғарыштың Дүниеге келуі 
қажеттілік. 
Кездейсоқтықтың мән-мағынасы статистикалық (көп санды) үрдістерде әсіресе 
айқын көрінеді. Мысалы, Қостанай қаласында 250 мың халық тұрады екен. Сонымен 
катар 50 мыңдай мәшине бар. Осы екі үрдістің тоғысқан жерінде жыл сайын 25-30 адам 
келеді. Ол, өкінішке карай, көп санды үрдістердің тоғысуынан шығатын қажеттілік. 
Нақтылы адамның мәшине астында қалып қойып өлуі -таза кездейсоқтық. «Ол асықты, 
біз оған тағы да бір аяқ шай іш деп едік, отырмады. Егерде ол 5 минут кейін кеткенде, 
тірі болатын еді» - дейді өкініш пен кайғыдағы оның туыскандары мен жолдастары, 
Ол - рас. Бірақ жыл сайын белгілі бір тұрақгы сандағы адамдардың мәшине 
астында калып қоюы - техникалық прогрестен шығатын қажеттілік, олар - соның 
құрбаны. 
Қазіргі кездегі статистика ғылымы қарқынды дамыған компьютерлік 
бағдарламалардың негізінде жұмыс істейтін ғылым саласына айналды. Соның 
арқасында қоғам өміріндегі кейбір үрдістер зерттеліп, оған ықтималдық (вероятность) 
тұрғыдан баға беріліп, жүргізілетін саясатқа өзгерістер еніп отырады. Мысалы, әрбір 
отбасына шаққанда 1,8 баладан келеді, я болмаса халықтың саны бугінгідей 
құлдырамауы үшін, әр жануяда 2,6 бала болуы керек, ал оның аз-мұз өсуі үшін 
кемінде 3 баладан болуы керек. т.с.с. Бірақ шынайы өмірде бір отбасында бір де бала 
болмауы мүмкін, ал келесісінде 6 бала болуы да ғажап емес. 
Нарықтық экономикада миллиондаған адамдардың ынталы жасампаздық іс-
әрекетінің нәтижесінде, олардың арасында шым-шытырық, сан алуан байланыстар 
пайда болып, кездейсоқтықтың рөлі күрт өседі. Біреу кедейліктен байлыққа, келесі, 
керісінше, кездейсоқтықтың нәтижесінде байлықтан тақырға отырып қалуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет