Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет503/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
565 
тексеруге болады. Білім ақиқатқа әкеледі, соңғының көрінісі ұғымда жатыр. Егер 
сезімдік таным өне бойы өзгерістегі сезімдік-заттық дүниені бейнелесе, ұғым өзінің 
тұрақтылығымен сипатталады. Ал олай болса оған сәйкес өзгермейтін, жетілген, 
кемеліне келген эйдос әлемі бар. Ұғым арқылы біз заттың терең мәнін ашамыз. Олай 
болса, ұғым мен сезімдік танымды бір-бірімен салыстырсақ, олар болмыс пен елес 
секілді. 
Оның ойынша, адам - қайшылықты пенде. Оның денесімен катар, жан дүниесі 
бар. Дене сезімдік әлемге жатса, жанның Отаны — эйдос әлемі, сондықтан ол — 
мәңгілік. 
Әрине, Платонның философиясы қайшылыкты. Бір жағынан, біз сезімдік әлем 
мен эйдос әлемінің арасындағы кайшылықты көрсек, екінші жағынан, дене мен 
жанның ымыраласпайтынын байқадық. 
Орта ғасырдағы діни философия идеалистік көзқарасты әрі қарай дамытады. 
Философияға бірқұдайлыққа өтуге байланысты сенім категориясы кіреді. Көне 
замандағы дана емес, сенетін адам ғана ақиқатқа жете алады деген пікір кіреді. 
Эйдос әлемі Қүдайдың ойына айналып, адамдардың санасындағы ойлар 
Құдайдың ойлары жөніндегі адамдардың толғауынан пайда болады. Құдай Дүниені 
жоқтан жаратқаннан кейін, оның ойы зат әлемінің алдында келеді, ал адамның 
танымында зат алда жүреді. Орта ғасырда жан-дүние ұғымымен қатар рух пайда 
болады. 
Бұл идеяларды дамытуға Жаңа дәуірде Р.Декарт өз үлесін қосады. Оның ойынша, 
жан - материядан бөлек субстанция және оның негізгі қасиеті - ойлауда. Егер материя 
тек кеңістікте созылатын енжар зат болатын болса, жан өз белсенділігімен танылады. 
Сонымен қатар адамның санасында туа біткен қажетті идеялар бар: ол - адамның 
«мендік» идеясы, математикалык идеялар, Құдай идеясы. 
В.Г.Лейбниц идеалистік философияның жаңа түрін Дүниеге әкеледі. Адам өзінің 
ішкі жан дүниесінің бар екенін өз тәжірибесінде анықтайтын болса, онда басқа 
заттардың да жаны бар деп ойлауға болады. Егер Демокрит көзге көрінбейтін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет