Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет500/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
562 
бұл мәселе ерекше сұрақ ретінде күн тәртібіне койылды. 
Бұл арада адамның ерікті шығармашылық қызметі мен оның жауапкершілігіне 
байланысты мәселе туады. Бұл мәселені алғаш көтергендердің бірі ретінде қазіргі 
экзистенциализм бағытындағы ойшылдарды айтуға болады. XX ғ. екі дүниежүзілік 
соғыстың ащы салдарларын сараптаудан шыққан ойшылдар адам өмірінің 
трагизмін мойындайды. Бір жағынан, адам ерекше еркін пенде, ол не істесе де оған 
қүқылы, екінші жағынан, ол саналы пенде ретінде өз істеріне жауапты. Сондыктан 
экзистенциалистік философияның көрнекті өкілі Ж-П.Сартр айтқандай, «еркіндік 
дегеніміз - адамның арқаланатын жауапкершілік жүгі». Яғни сен еріктісің, бірақ өз ісіңе 
толығынан басқалардың алдында жауап бер. 
Адам, бір жағынан, өзі ұшін (эгоизм), я болмаса басқалар үшін ғана (альтруизм) 
емес, өз мүддесін басқалармен бірге ұштастырып өмір сүруі керек. 
Сонымен еркіндік пен жауапкершілік - күміс ақшаның екі жағындай, бір-бірінсіз 
өмір сүре алмайды. Еркіндік бар, жауапкершілік жоқ жерде әділетті дұрыс қоғам 
орнату мүмкін емес. Сондықтан жаңа ғана қалыптасып жатқан демократиялык 
коғамның берген еркіндіктерін тек өз құлқынына жаратып, жауапкершілікті 
мойындағысы келмейтіндердің алдына тосқауыл қойылуы қажет. Бұқаралық ақпарат 
құралдарында еркіндікпен қатар, ал біздің жағдайда, мүмкін, көбірек, - адамның қоғам 
алдындағы жауапкершілігі егжей-тегжейлі талдануы қажет деп есептейміз. «Арнасы 
жоқ» еркіндіктің уақыты өтті, халық алдындағы жауапкершіліктің уақыты келген 
сияқты. 
§ 20. Материя мен сана - шегіне жеткен қарама-қарсылық 
Болмыстың өмір сүру формаларын талдай келе, біздің алдымызға келесі сұрақ 
келеді: осы сан алуан себептілік пен қажеттілік, мүмкіндік пен кездейсоқтық т.с.с. 
жақтарымен құбылып жатқан болмыста не бар? Оның шеңберінде әртүрлі заттар мен 
құбылыстар, соның ішінде ішкі рухани өмірі бар адам да бар. Ең кең, шегіне жеткен 
түрде алып қарағанда, әрине, оны материя мен санаға, рухқа теңеуге болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет