Нуржігіт Алтынбеков 564
қатысы жоқ деген батыл көзқараста болды.
Жаңа дәуірдегі ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғалымдар материяны
табиғаттың заты, оның қасиеттерімен теңеді (Ламетри, Гоббс, Гольбах т.б.). Бұлардың
ойынша, рухани өмір материалдық элементтерден тұрмайды, ол материяның жалпы
қасиетіне жатады. Бұл, әрине, алға жылжулықты көрсетті. Т.Гоббс: «Зат адамның
санасында өзінің тікелей ізін қалдырмайды, оның тигізетін ықпалы адамның миына
жеткенше біршама сатылардан өтеді...» - деген пікір айткан болатын.
XX ғ. басында материя жөнінде жаңа гносеологиялық (танымдық) тұжырым пайда
болады. Ол, негізінен алғанда, ғылыми-техникалық прогреспен, ескі атомистиканың
күйзелісімен байланысты болатын. Материяны заттық субстратқа (негізге) теңеуге
болмайды. Материя дегеніміз объективті шындықты біздің санамызда бейнелейтін
философиялық категория, яғни ұғым.
Соңғы кездегі көзқарастарға келсек, олар біржақты гносеологизмге қарсы:
материяны субстанциялық- аксиологиялық (құндылық) тұрғысынан сипаттағысы
келеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, материя тек қана физикалық реалдык емес,
сонымен қатар рух та – мәңгілік материяның көп қасиеттерінің бірі болып есептеледі.
Ал енді идеалистік бағытқа келер болсак, олар өмірдің рухани жағын негізгі деп
есептейді. Заттардың субстанциясы (алғашқы негізі) рухани болмыста жатыр.
Идеализмнің дүниеге келуінің алғышарттарына адамның өмірлік практикалық
мүдделері жатқаны сөзсіз. Сондықтан бұл ағым құндылықтар әлеміне көбірек көңіл
бөледі. Егер материализм, негізінен, сыртқы Дүниені тануға бағытталған философия
болса, идеализм, керісінше, адамның ішкі рухани өміріне көбірек көңіл бөледі. Адам,
оның өмірі мен бақыты, үміті мен қайғысы т.с.с. сұрақтар идеалистік философияның
негізгі мәселелеріне айналады.
Философия тарихында объективтік идеализмнің негізін қалаған ұлы Платон
болды. Оның ойынша, тек рухани болмыс -шынайы болмыс, ал сезімдік дүние - оның
бұлдыр, жетілмеген, өтпелі көлеңкесі ғана. Бұл ойын Платон былайша дәлелдейді.
Дүние жөнінде адамдардың әртүрлі пікірі бар, оларды тек қана білім арқылы