Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет508/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   504   505   506   507   508   509   510   511   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
571 
байқап, мұрынға жақындатып иісін аныктауға т.с.с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан 
кең түрде карағанда, сана -адамның ішкі жан дүниесі, адам белсенділігінің 
психикалық деңгейі. Ал оны нактылай келсек, ол, әрине, адамның ой толғаулары. 
Бірақ ол онымен бітпейді. Ойлау, рационалдық таным -сананың өзегі болғанмен, оған 
адамның сезім толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады, шаттанады, 
сүйеді, жек көреді т.с.с. Егерде біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған 
санамен катар бейсаналық та кіреді. З.Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының 
қазіргі өмірдегі маңызы өте зор. Сонымен қатар санаға тең емес адамның ырқы да 
(воля) бар. Кейбір жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы 
мүмкін. Ф.Ницше уақытында айтқандай, «нағыз адам» толкынмен бірге емес, оған 
карсы жүзеді. 
Адам Дүниені саналы түрде бейнелеп қана коймай, сонымеп қатар өз ішкі жан 
дүниесіне сараптау жасайды, міне, осы сәтте оның рухы оянады. Рух категориясы біздің 
жақында өткен тарихымызда дінмен байланыстырылып, ал «кеңес тоталитаризмі» 
соңғыға қарсы болғаннан кейін, философиялық әдебиетте өте аз қолданды. 
Негізінен алғанда, рухқа ғылымдағы жетістіктер, қоғамдық сана формалары 
жатқызылды. Тек бүгінгі таңда ғана бұл категорияның маңызы өсуде (рух жөнінде 
көлемді түрде қараңыз: «Мырзалы С.К. Модернизация общества: взаимосвязь 
политики и морали., Костанай, 1998, 220-264-6.). 
Жалпы алғанда, рух дегеніміз - адамның өзіндік сана-сезімі, өз-өзіне «сырттай 
қарап» баға беруі, өз өмірінің мән-мағынасымен қатар, жалпы Дүние жөнінде ойлауы-
толғауы, тебіренісі жатады. Бұл, тек дамыған адамға ғана тән нәрсе. Қайсыбір 
жануарды алсақ, ол өз-өзін бұлдыр сезінеді, өзін қоршаған ортадан бөлек алып, оған 
қарсы койып қарай алмайды. Оған қабілетті - адам ғана. 
Жеке адамның рухымен қатар, белгілі бір халықтың рухы жөнінде де айтуға 
болады. Мысалы, қазақ халқының руханияты, демек, оның өзіне тән дүниесезімі, 
құндылықтары. Оны әдебиетте «объективті рух» деген категория арқылы береді. 
Сонымен қатар рухтың жетістіктері ғылыми, көркем шығармалар арқылы өмір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   504   505   506   507   508   509   510   511   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет