Нуржігіт Алтынбеков 603
Енді танымдағы ең жалпы (универсалды, яғни философиялық) методологияға келер болсақ, ол:
А) барлық ғылым саласында қолданылады;
В) оның негізгі қағидалары нақтылы жүріп жатқан зерттеудің басынан аяғына
дейін басшылыққа алынады.
Ғылымда
универсалдық
методология
қағидаларының
болуы
Дүниенің
біртұтастығыменбайланысты. Өлі, тірі табиғат, қоғам өмірі, ойлау үрдістері – бәрі де
белгілі бір ең жалпы даму заңдылықтарына бағынады. Осы тұрғыдан алып қарағанда,
сонау көне заманнан бастап, дүниетану саласында екі бір-біріне қарсы тұрған көзқарас
пайда болды. Олар - диалектика және метафизика.
Көне заманда стихиялық диалектиканың негіздері Шығыс пен Батыста бірдей
қалыптаса бастады. «Дүние - ағым, өзен», - деді Гераклит. Қытай данасы Лао-цзы
болса, қарама-қарсылықтың бір-біріне өтетінін айтып қана қоймай, одан өмірге керек
қағидалар шығарды. «Қиындықты жеңу үшін жеңілден баста, ұлылыкқа жету үшін
кішіден баста, бакытқа жету үшін бакытсыздықтан өту керек әйтпесе, бакытты екеніңді
кайдан білесің) » т.с.с. Грек топырағында ұлы Сократ алғашқылардың бірі болып ой
қайшылықтарын зерттей бастаса, Элеялық Зенон қозғалысты қалайша ой аркылы
беруге болатындықты зерттеді...
Жаңа дәуірде неміс философиясының ұлы өкілі Г.Гегель адамзат рухани өрлеу
тарихын ұқыпты зерттеп, диалектикалық ойлау методологиясын жасады.
XIX ғ. марксизмде Гегельдің идеялары әрі қарай дамытылып, тек ой өрісі ғана
емес, бүкіл Дүниедегі барлық даму үрдістері диалектикалық заңдар мен
категориялардың негізінде жүретіні, олай болса, таным мен қисынның өздері де
соларға сәйкес келетіні жөнінде терең ойлар айтылды. Бүкіл XX ғ. жаратылыстану мен
әлеуметтану нәтижелері - диалектикалық методологияның салтанатты өрлеуі болды
десек, асыра айтпаған болармыз. Ең алдымен диалектикалық идеялар қоғамтану
пәндеріне, содан кейін биология саласына, XX ғ. физика, астрофизика, химия,
геология т.с.с. ғылымдарға кірді.