қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару
қажет: ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне
жеткілікті болуы керек. Алайда «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымның өзін нақтылай
түсу қажет. Өйткен себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да,
барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. Сондықтан баска елдермен
экономикалык, саяси-құқтық, мәдени-рухани байланыстарға түседі. Олай болса,
«өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымды қалай түсінуге болады? Белгілі нактылы-тарихи
коғам өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан руханияты, дүниесезімі, өмір салтын
Нуржігіт Алтынбеков
620
сактай отырып, негізгі өмірге қажетті нәрселерді өзі өндіруі кажет. Мысалы, бүгінгі
өтпелі қоғамда жер көлемі бойынша 10-шы орында болсақ та, ет, көгөністерді басқа
елдерден алатын болсақ, онда біз өз-өзімізге жеткіліксіз боламыз. Әрине, Қазақстан
Бразилия емес, сондықтан тропикалық аймақтарда өсетін апельсин, мандарин, банан
сияқты жемістерді, кофе, шай сияқты тағамдарды шетелдерден алмаса болмайды.
Сондай-ақ жеңіл мәшине, неше түрлі компьютерлер, радио-теле аппаратураларды да
алуға болады. Сонымен қатар жер бетіндегі үлкен астық өсіретін ел болғандықтан,
ауыл шаруашылығына керек механизмдерді өзіміз шығармай, көсегеміз
көгермейді. Күнбе-күн өмірге керек заттардың көбін де өзіміз дүниежүзілік
талаптарға сай етіп шығара білуіміз қажет. Сонда ғана біз өз-өзімізге жеткілікті
коғам боламыз. Бұл мәселелер қазіргі саясаттану ғылымында «ұлттық қауіпсіздік»
категориясы арқылы талданады. Оқырманның байқағанындай, бүгінгі таңда біз көп
өмірге керек тауарларды шығара алмай, сырттан әкелуге мәжбүр болып отырмыз.
Екінші үлкен сұрақ: қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен қарым-
қатынастардың ішіндегі негізгі, оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ?
Сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс — қоғамдағы рухани,
саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені бір қарағандағы қоғамның жануар
тобырынан айырмашылығы - ондағы рухтың пайда болып, сол қоғамға тигізетін зор
әсерінде болса керек. Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам
басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше түрлі мақсат-
мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. Яғни идея әрқашанда алда, соңынан
ол іске айналады. Олай болса, қоғам өмірін анықтайтын - билік басындағы ұлы
тұлғалардың саналы іс-әрекеті. Мұндай көзқарасты сонау Көне заманнан бастап Жаңа
дәуірде өмір сүрген ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады.
«Халық - шөп, ел билеуші - жел. Жел қай жаққа үрлесе, шөп сол жаққа майысады»
- дейді көне Қытай философиясы.
Орта ғасырдың ұлы ойшылы Әл-Фарабиге келер болсақ, ол қоғамның ахуалын
Халифтің адалдығы, әділеттілігі, көрегендігімен байланыстырады. Сол замандағы
|