Нуржігіт Алтынбеков 623
қажеттіліктерін өтеу керектігінде жатыр. Расында да, адамдарға күнбе-күн тамақ ішу,
киім кию, баспана, т.с.с. материалдық мұқтаждықтарын өтеу керек. Оларсыз өмір
жоқ. Ол үшін материалдық игіліктерді өндіру қажет. Оны өндіру барысында
адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз өндірістік қатынастар пайда болады. Соңғы
қоғамның іргетасын кұрайтын шынайы базис болып есептеледі. Ол адамдардың
санасы мен еріктеріне тәуелсіз қалыптасады да, оның үстінде қондырма ретінде
оған тәуелді мемлекет, саяси, құқтык, моральдық, эстетикалық, діни т.с.с.
құбылыстар орналасады. К.Маркстің ашқан бұл ұлы жаңалығын жете түсінудегі негізгі
қиындық өндірістік қатынастардың адамның сана-сезіміне тәуелсіз қалыптасуы.
Адам әркашанда саналы пенде ретінде өмір сүреді. Адам өзінің отбасында, күнбе-күнгі
жүріс-тұрысында баска адамдармен саналы қарым-қатынасқа түсіп, өндірістік
катынастарға келген кезде «санасын үйде қалдырып кететінін» көзге елестету тіпті
мүмкін емес. Олай болса, К.Маркстің негізгі кағидасын қалайша түсінуге болады?
К.Маркстің ойынша, әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ бұрынғы бабалардан
қалған коғамның материалдық өмірімен кез болады. Ол өндіргіш күштерді (машиналар,
неше түрлі жабдықтар, байланыс жүйелері т.с.с.) жаңа ұрпақ өз еркімен ысырып
тастап, өмірді «таза беттен» әрі қарай жалғастыра алмайды. Ол сол материалдық
игіліктерді игеруге және өз өмір шеңберінде оны әрі карай дамытуға мәжбүр болады.
Сол өндірістік катынастарды игеруде жаңа ұрпақ өз сана-сезімін соған сәйкес қалыптастырады. Яғни қоғамдық болмыс қоғамдык сана-сезімнің қалыптасуына
шешуші ықпал жасайды.
Сонымен қоғамдық қатынастар деп адамдардың арасында қалыптасатын тұракты
да қайталанатын байланыстарды айтуымызға болады. Мысалы, екі бір-бірімен таныс
емес адам кездейсоқ кездесіп, біреуі: «Абылай хан көшесі қай жақта?» - десе, екіншісі:
«Сіз қайдан келдіңіз?» - деп сұрауы мүмкін. Әрине, олар байланысқа түсіп, ақпарат
алмасты. Бірақ бұл кездейсоқ байланысты «қоғамдық қатынас» деп айту
асырасілтеушілік болар. Егерде біз профессордың күнбе-күнгі студенттермен
кездесіп, білім беруін алсақ, оларды қоғамдық қатынастарға әбден жатқызуға болады.