Нуржігіт Алтынбеков 686
тұрысында негізгі моральдық қағидаларды басшылыққа алады. Моральдың қайнар
көзін қайсыбір дін қол астындағы кемшілікке толы болмыстан аттап өтіп, тікелей
Құдайдың құдіретті шығармашылық күшінен шығарады: міне, оның адамдарға
тигізетін зор ықпалы осында жатыр.
Жаңа дәуірде XVIII ғ. бастап Еуропа ағартушылары христиан дінін, оның негізгі
қағидаларын қатты сынға алып, көп адамдарды діннен алшақтатып, атеистік жолға
қойды. Сол себепті Ф.Ницше«Құдай өлді!», олай болса, адамға ешқандай тыйым
салуға болмайды, ол ерікті, ойына не келсе, соны жасай алады деген пікірге келді.
Алайда оның бұл тұжырымы орынсыз болды, өйткені Құдай идеясында адамның ең
сәулетті мәндік күштері, рухани тебіреністері жинақталған. Бүгінгі таңда біз,
керісінше, діни ізденістердің жаңа дүмпуін байқаймыз, мыңдаған жаңа діни
секталар әртүрлі мемлекеттерде пайда болып, дүниеге деген өз көзқарастарына көп
адамдарды тартуда. Мұның өзі адамдардың қазіргі етек алып кеткен рухани
азғындауына деген қарсылығы
болса керек.
Немістің ұлы ойшылы И.Кант уақытында моральдың қайнар көзін адамның
парасатына негіздеп, «категорикалық императивін» ұсынған болатын. Оның
қысқаша мәні - адамның жүріс-тұрысы бүкіл адамзаттың қалаған тілегінен шығуы
керек. Яғни белгілі бір нақтылы ахуалдағы сенің таңдауың қазіргі адамзаттың
қайсыбір өкілінің болсын жүрегінен шығуы керек. Тек оның қойған бір талабы —
адамның сезім-күйінен шығатын ұмтылыстарды ескермеу қажет, өйткені ол адамның
пендешілігінен шығады. Егер сіз бір адамды жақсы көріп, оған жақсылық
жасасаңыз, И.Канттың ойынша, оның моральдық құндылығы жойылады. Адами
қарым-қатынастарда сіз тек «категорикалық императивтің» талабын ақыл-ойыңыздан
өткізіп, ешқандай сезімділікке бой ұрмай, оны басшылыққа алсаңыз, сонда ғана
моральдың шеңберінде қаласыз. Алайда бұл талап шынайы өмірдегі адамдардың
күнбе-күнгі қарым-қатынастарына қарсы келіп, абстрактылық өмірмен тығыз
байланысы жоқ қағида болып кала берді.