Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет618/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   614   615   616   617   618   619   620   621   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
685 
ішкі зұлымдыққа қарсы тойтарыс бере алатын күшке айналып отыр. Егерде біз діннен 
оның моральдық жақтарын алып тастасақ, онда не қалар еді? Ол адамның ақыл-
ойына сыймайтын неше түрлі аңыздардың жиынтығы болып, оған сенуден көпшілік 
бас тартар еді. Философияға келсек, оның ұғымдық құрылымы, мазмүны, әрине, жеке 
ғылымдардын аса тез қаркынды дамуына байланысты байыды, оны терістей алмаймыз. 
Бірақ біз Платон мен Аристотель, Әл-Фараби мен Ф.Аквинский, Г.Гегель мен 
А.Шопенгауерден дүниенің шегіне жеткен терең метафизикалық мәселелерін талдауда 
онша алысқа кете алмадық. Сонымен қатар ойшылдың моральдық, адамгершілік 
көзқарасына байланысты жүздеген неше түрлі жаңа философиялық ағымдар пайда 
болды емес пе? Өйткені дүниежүзілік тарихта ешқашанда моральдық адами 
тебіреністе болмай, болмыстың терең қабаттарын зерттеп жатқан ойшыл болған жоқ. 
Орыс халқының тамаша ойшылы С.Л.Франк айтқандай, «моральдық сана арқылы біз 
болмыстың шексіз мұхитына терең сүңгіп, іштей сезіне аламыз..., белгілі бір затты 
білу дегеніміз - ортақ өмірде бірге болғаннан кейін оны іштей сезіну болмақ». 
Енді саясат пен құқық саласына келер болсақ, олар қоғамды біріктіретін, оның бір 
тұтастығын қамтамасыз ететін сыртқы күштерге жатады. Егерде қоғам өміріндегі 
жүргізіліп жатқан саясат халықтьң жүрегінде моральдық жағынан ақталмаса, ол 
ешқандай нәтижеге әкелмейді. Биліктегілер елді басқара алмай, шығарылған заңдар 
орындалмас еді. 
Сонымен жоғарыда көрсеткеніміздей, моральдық сана бүкіл руханияттың 
негізінде жатыр. Олай болса, келесі өте күрделі сұрақ пайда болады. Ол - 
моральдың өз қайнар көздерін неден іздеуіміз керек деген сұрақ. 
Тарихи алғашқы моральдық жүйелерді дүниеге әкеліп, оларды халыққа 
уағыздай бастаған адамзат бабалары Лао-цзы, Кон-фу-цзы, Будда, Заратустра, Моисей, 
Мұхаммед болатын. Олардьң моральдық көзқарастары әртүрлі діндердің құрамына 
кіріп, ғасырлар бойы адамзаттың адамгершілік жолмен дамуына ықпалын тигізді. 
Бүгінгі таңның өзінде «ағарған адамзаттың» жаратылыстану, гуманитарлық білімі 
қаншалықты өскенмен, жүздеген миллион адамдар бұрынғыдай өздерінің жүріс-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   614   615   616   617   618   619   620   621   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет