Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет648/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   644   645   646   647   648   649   650   651   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
716 
басқалармен бірігіп қана іске асатынын байқадық. Миллиондаған жылдар бойы 
үйір негізгі қауымдасу формасы болғанын білеміз. Әрине, ол жартылай биологиялық, 
жартылай әлеуметтік құбылыс болса керек. Антропологтардың пайымдауы бойынша, 
осыдан 40-50 мың жыл бұрын үлкен секіріс болып, үйір руға айналады, нағыз таза 
әлеуметтілік дүниеге келеді. Міне, осы уақыттан бастап, қазіргі адам толығынан 
қалыптасып (кроманьон адамы), оның жер бетіндегі тарихы басталады. Рудың 
шеңберінде бұрынғыдай ретке келтірілмеген жыныс қатынастары жойылады, өйткені 
бәрі бір-бірімен қанға негізделген туыстықта. Егерде алғашқы үйір өз-өзіне 
жеткілікті кұбылыс болса, енді рулардың арасында жан-жақты қарым-қатынас пайда 
болады. Оның негізінде болашақ ұрпақтарды жалғастыру мәселесі жатты: ол үшін қыз 
алу, қыз беру керек болды, кұдалық рәсімдер, неше түрлі әдеп-ғұрыптар тез уақытта 
пайда болып, қалыптаса бастайды. 
Тек рудың шеңберінде ғана нағыз адами махаббат сезімі дүниеге келеді, өйткені 
ұнатқан қызы, я болмаса жігіті жанында емес, алыста, басқа руда. Сондықтан ол оны 
аңсап, қиял-арманға шомады, бір сәт болса да көзінің қиығымен көріп қалғысы келеді, 
сүйіктісін дүниедегі ең әсем сұлуға теңеп, өз шығармашылық шабытын оятады. 
Моральдық қағидалар мен құндылықтар да рудың шеңберінде қалыптаса 
бастайды. Егерде үйірдің шеңберінде біреу аяғын сындырып алса, ол өлер еді, оған 
ешкім көмектеспейді. Рудың шеңберінде өзара көмек беру, аяу, жақсы көру, қорғау, 
қамқорлық көрсету т.с.с. моральдық кұндылықтар мен сезімдер пайда болады. 
Үйірдің руға айналуын түсіну - қоғам тану ғылымдарындағы ең қиын 
мәселелердің бірі. Уақытында Ф.Энгельс «гносеологиялық тұжырымды» ұсынған 
болатын. Оның ойынша, алғашқы адамдардың сана-сезімі өскен сайын, олар қаны 
жақын адамдардың жыныстық байланысы жаңа ұрпақтарды әлсірететінін байқап, 
үйірдің ішіндегі жыныстық қатынастарға тыйым салады. Сол себепті үйір руға 
айналады. «Тотемдік» және З.Фрейдтің «әкені өлтіру» тұжырымдары да терең 
қарағанда гносеологиялық негіздеуге жақын. «Тотемдік» тұжырым «біздің шыққан 
тегіміз неде?» деген сұраққа жауап беруді талап етеді, ал «әкені өлтіру» де балалардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   644   645   646   647   648   649   650   651   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет