Нуржігіт Алтынбеков 715
қақ жарылып, бүкіл істелген іс зая кетеді. Нәтижесінде, өкінішке ұқсас сезім пайда
болады. Енді ол тағы да жаңа тас іздеуге мәжбүр болады, яғни оның ырқы қалыптасады.
Енді екінші тасты ол аса ұқыптылықпен өңдеп, ақырында құралды істеп шығарады.
Сол сәтте қуаныш, шаттыққа ұқсас сезім оның жүрегін кернейді.
Егер істелінген зат қисықтау болып шықса, ол ыңғайсыз және еңбек ету
барысында тез сынып қалады. Сондықтан ол екінші құралды симметриялық
тұрғыдан мұқият қарап жасайды, ол оған үлкен қанағат, қуаныш сезімін әкеледі.
Симметриялық форма бірте-бірте оның санасына кіріп, нәтижесінде қарағайдың
симметриялық бұтақтарын, т.с.с. заттарды көргенде, оның жүрегінде себепсіз тамаша
сезім пайда болады. Ол сезім болашақта сұлулық ұғымын тудырып, адамның жан
дүниесінің ажырамас бөлігіне айналады.
Сонымен, қарап отырсақ, ең тұрпайы еңбек құралын жасаудың өзі адамның сана-
сезімін, назарын, ырқын, керек десеңіз, тіпті оның эстетикалық сезімін оятады екен.
Еңбек құралдарын жасап, бірге еңбек ету барысында әсіресе аң аулауда бір-біріне
ақпарат жеткізу қажеттігі пайда болады. Олай болса, тілдің алғашқы формасы - ымдау,
дене, қол қимылы арқылы байланыс жасау дүниеге келеді. Ал сезім толқындары,
негізінен, неше түрлі дыбыс арқылы жеткізілді. Соңынан үйірдің ішіндегі аса дарынды
пенделер күнбе-күнгі жиі кездесетін қажетті нәрселерге ат қойып, басқаларды соларға
үйретеді. Жер бетінде әртүрлі тілдердің пайда болуы, құрылым ерекшеліктері олардың
айнала қоршаған табиғаттағы дыбыстарға еліктеуінен пайда болса керек деген
ойдамыз.
Адамның санасы мен дене құрылысының өзгеруіне әсіресе оның миының өсуіне
отты игеріп пайдалану үлкен әсерін тигізді. Отқа пісіріп жеген тамақ әсіресе отқа
кақталған ет мидың тез дамып, көлемінін өсуіне әкелді. Екінші жағынан, піскен
тамақ жеңіл қорытылғаннан кейін, оның асқазаны өзгеріп, жақ сүйегі мен азу тістері де
кішірейді. Үшіншіден, үңгірдің іші отпен жылынып, дене үстіндегі жүндердің азаюына
әкелді.
Сонымен еңбек құралдарын жасау және оны пайдаланып еңбек ету