Нуржігіт Алтынбеков
717
арасындағы жақындықты сезінумен байланысты. Бүгінгі таңда біршама этнографтар
мұндай көзқарастарды сынға алады.
Біздің ойымызша, шындыққа жақын «бейбіт өмір қажеттігі» жөніндегі тұжырым
болса керек. Ол және де біршама тарихи деректерге негізделген. Алғашқы үйірлер
тұрақталған жерлерде археологтар бір мәнермен өлтірілген адамдардың сүйектерін
табады. Оларды арт жағынан байқатпай келіп, таспен басынан ұрып өлтірген.
Жүргізілген зерттеулер өлгендердің бәрі де еркектер екенін көрсетті. Осыдан
ғалымдар оның себебін әйелдер үшін талас арқылы болғанын болжайды. Еркектердің
санының азаюы, - олар негізінен аңшы болғаннан кейін, - аштыққа, тіпті үйірдің
құрып кетуіне әкелетін қатер туғызады. Сондықтан бейбіт өмір қажеттігі үйірдің
ішіндегі жыныс қатынастарына тыйым салуға мәжбүр етіп, нәтижесінде үйір руға
ауысады.
Міне, қисындық жолмен, кейбір тарихи деректерге сүйене отырып, біз адамға
ұқсас маймылдардың (архантроптардың) адамға айналу жолын көрсеткен тәріздіміз.
Әрине, көп нәрселер әлі күңгірт екенін жасыруға болмайды. Мысалы, сонау
Зинджантроптан бастап (2 млн. жыл бұрын өмір сүрген, Оңтүстік Африкадан
табылған) Синантроп (қытай адамы), Явандық (Ява аралынан табылған), Еуропада
Гейдельберг, Неандерталь адамымен Кроманьонға (қазіргі адам) дейінгі уақыттың
шеңберінде өмір сүрген көп өтпелі түрлердің сүйектері әлі табылған жоқ. Дегенмен
де жоғарыда көрсетілген болжамның өміршеңдігіне сенгіміз келеді.
§ 3. Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты
Адам - қайшылықты пенде. Оның, бір жағынан, - денесі, екінші жағынан, сана,
рухы бар екенін әркім біледі. Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су, ауа, жылу,
қоректену, ұрпақ жалғастыру т.с.с. қажет. Сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады,
өмірде өз орнын іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер
жануарды оның инстинктері итермелесе, адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға
бағындырады, ол - өз-өзін бақылауға ала алатын пенде. Десек те, адамның бұл ішкі
|