Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет654/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   650   651   652   653   654   655   656   657   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
722 
назарына әлі дұрыс ілікпеген үлкен мәселе адамның тұлға ретіндегі био-әлеуметтік 
табиғатын сақтап қалуы болып отыр. Кейбір ғалымдар оны «антропологиялык 
дағдарыс» дейді. Оның терең мәні - адамзат жыл сайын ғылым мен техниканың 
жетістіктеріне сүйене отырып, өз Дүниесін күрделендіруде. Ол оның жақсы жақтарын 
пайдаланғанмен, өмірге келеңсіз, өз табиғатына қарсы жатқан салдарларды тудырып, 
көп жағдайларда оны бақылай алмай калады. Адам Дүниені қаншалықты терең 
өзгерткен сайын, соншалықты теріс әлеуметтік факторлар пайда болып, оның өмір 
сапасын төмендетеді. Дүниенің тез қарқынмен дамуы адамды өз ұлтының әдет-
ғұрыптарынан айырып, басқа мәдени үлгілерді игеруге, «ол жақта, я болмаса бұл 
жақта да емес» маргиналдық ахуалға әкелетінін бүгінгі таңдағы реформа барысында 
көріп жүрміз. 
Енді мәселені нақтылай түсіп, бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамын адами 
тұрғыдан талдасақ, біздің мемлекеттің бұл мәселеге көп көңіл бөліп жатқанын 
байқаймыз. Негізгі жетістік – адамдардың қоғам өмірінің қай саласы болмасын, 
белсенділік көрсетуіне, яғни олардың өз ынтасының арқасында дамуына жол ашылды. 
Тәуелсіздік алғаннан бері біздің елде қаншама жастар өнер, білім, спорт, саясат, 
экономика салаларында шығармашылық деңгейге көтеріліп, өз мүмкіндіктерін өмірде 
іске асырып жатыр! Десек те, істейтін нәрселер әлі - паш етектен. Ең алдымен елде етек 
алып кеткен туберкулез, гепатит сияқты «әлеуметтік ауруларды» алсақ, ішетін суды
ауаны тазартпай, жейтін тамақты күшейтпей, оларды жеңе алмаймыз. Жұмыссыздық
көп жастардың баспана мәселесінің көп жылдар бойы шешілмеуі де адам дамуының 
әлеуметтік факторына жатады. 
Қорыта келе, адамның биологиялық және әлеуметтік жақтарын ажыратпай, бір-
бірімен байланыстырып қарау керектігін баса айтуымыз
қажет. 
§4. Адам өмірінің мән-мағынасы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   650   651   652   653   654   655   656   657   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет