Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет652/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   648   649   650   651   652   653   654   655   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
720 
өйткені қайсыбір жаңаның ұрығы ескінің ішкі шеңберінде пайда болады. Бірақ мұндай 
қорытудан қоғамдағы құбылыстардың іргелі негізі биологиялық үрдістерде жатыр 
деп есептеу жалған болар еді. 
Енді әлеуметтік редукционизмге келер болсақ, оның шынайы өкілі ретінде 
марксизмді келтіруге болады. Бұл ілімдегі түсінік бойынша, адамның терең мәнін 
нақтылы түрде қалыптасқан «қоғамдық қатынастар жиынтығы» құрайды, яғни ол 
оның әлеуметтілігінде. К.Маркстің жасаған коммунизм ілімінің негізгі іргетастарының 
бірі ретінде осы адам жөніндегі тұжырымдама жатыр. Коммунистік қоғамда тек қана 
биік дәрежеге жеткен өндіргіш күштер ғана емес, сонымен қатар «жаңа адам» дүниеге 
келеді, өйткені қоғамдық меншікке негізделген адамдар арасындағы қатынастар мен 
байланыстар оны қажетті түрде тудырады. Сондықтан да ол қоғамда саяси-құқтық 
сала (мемлекет, құқық, түрме, тергеу мекемелері т.с.с.) керек болмай қалады, адамдар 
тек моральдық құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді. 
Осы айтылған «жаңа адамды» калыптастыру жолында тарих қойнауына кірген 
Кеңес Одағында ондаған жылдар бойы халық арасында миллиондаған лекциялар мен 
сұхбаттар жүргізіліп, қаншама арнаулы тәрбие жұмыстары жасалса да, ол сол 
бұрынғы адам болып қала берді... Бүгінгі таңдағы ғылымда адамның био-әлеуметтік 
табиғаты мойындалды. Адамның дене ретіндегі өмір сүруі биологиялық заңдарға 
тәуелді. Күнбе-күнгі өмірімізде адамдардың табиғат өзгерістеріне тәуелді екенін емші 
болмасақ та байқауға болады (ауа қысымының өзгеруі, геомагниттік дауылдар, күн 
сәулесінің күшеюі т.с.с. табиғи құбылыстардың адамға тигізетін ықпалы). Адамның 
өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді (өмірге келу, балалық, жастық шактар, 
ересек өмір, кәрілік, дүниеден озу). Әрбір адамның тарихтағы қайталанбастығы да 
оның әке-шешесі арқылы берілген генетикалық ерекшелігінде жатқанын 
мойындамасқа болмайды. Мұндай деректерді жалғастыра беруге болар еді. 
Сонымен қатар адамның өмір сүруі мен қалыптасуы, дамуында әлеуметтік 
факторлардың орасан зор рөлін көрсетпесе, тағы да болмайды. Мысалы, алғашқы 
қауымдық қоғамда адамның орта жасы 25-те болса, қазіргі дамыған қоғамдарда ол 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   648   649   650   651   652   653   654   655   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет