Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет653/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   649   650   651   652   653   654   655   656   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
721 
көрсеткіш 75-78-ге келді. Егер әуенге деген аса дарыны бар сәби дүниеге келсе, оған 
арнаулы білім беріп, оны әлпештеп өсірсе, ол ұлы композитор, я болмаса орындаушы 
болуы мүмкін. Бірақ ондай жағдай жасалмаса, оның дарыны сөніп, асып кеткенде 
«ауылдың домбырашысы» ғана болып қала береді. Ғасырлар бойы қаншама аса 
дарынды адамдар дүниеге келіп, әлеуметтік жағдайдың жоқтығынан «ашылмаған гүл» 
секілді келмеске кетті десеңізші!!! Қоғам өміріндегі әрбір тұлғаны гүлдетіп, жан-
жақты дамыту осы уақытқа дейін адамзаттың орындалмаған арманы болды десек те 
болғаны. 
Адамзаттың ғылыми-техникалық орасан зор қарқынмен дамуы бүгінгі таңда адам 
өміріне бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерлерді тудыруда. Бірінші күрделі мәселе - 
жантүршігерлік күші бар соғыс қару-жарақтарының жыл сайын жаңа түрлерінің пайда 
болуында. Егер бұрын жеке адамдар өлгенімен, бүкіл адамзат өмірде қала 
беретініне ешкім күмәнданбайтын. Бүгінгі таңда адамзат толығынан құрып кетуі 
мүмкін. Ол әрбір адамды алаңдатып отыр. 
Екінші үлкен кауіп - экологиялық апаттың бүкіл жер бетінде етек алып кету 
мүмкіндігі. Өйткені лас ауа мен суға қоятын мемлекеттік шекара жоқ!! Бүгін адам 
өмір сүруінің екі жағы бір-біріне қайшы келді. Бір жағынан, біз Табиғаттың 
ажырамас бөлігіміз, Ол - біздің арғы анамыз. Екінші жағынан, саналы адам 
алдындағы жатқан Дүниені танып-біліп, өз мүдделеріне сай өзгертеді. Сол себепті көп 
жерлер ластанып, өсімдіктер мен жануарлардың біршама түрлері өмірден келмеске 
кетті, Табиғат әлсіреуде. Табиғаттың байлығы шексіз, одан қаншалықты алсаң да 
азаймайды деген бұрынғы заманда қалыптасқан пікір жалған болып шыкты. Табиғат 
алдымыздағы жатқан «айнала қоршаған орта» ғана емес, ол біртұтас орасан зор 
организм, «Үлкен Жүйе», оның ішіндегі барлық элементтер бір-бірімен миллиардтаған 
жылдардың ішінде тиімді байланыс құрды. Адамзаттың өзі осы жүйенің ішінде белгілі 
бір орын алады. Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа 
стратегиясын жасамай, өз-өзін құртып алуы мүмкін. 
Жоғарғы айтылған қауіп-қатерлерден кем емес, бірақ та қоғамдық сананың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   649   650   651   652   653   654   655   656   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет