Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет90/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
106 
Аристотель алғашқы материя қанша енжар, сапасыз, сансыз т.с.с. болғанымен, 
дегенмен оның жылылық, суықтық, құрғақтық пен дымқылдығы бар. Ал олардың 
бір-бірімен жұп-жұп болып қосылуы Дүниенің негізінде жатқан төрт стихияны 
тудырады: жылы мен құрғақ - отты, жылы мен дымқыл - ауаны, суық пен дымқыл — 
суды, суық пен құрғақ — жерді. 
Ал аспанды алар болсақ, — ол кұдіретті Эфирден — квинтэссенциядан (бесінші мән) 
тұрады. 
От пен ауа жеңілірек болғаннан кейін, Дүниенің шекарасына, ал жер мен су 
ортасына қарай жылжиды. Сондықтан оттың жалыны, жылы ауа жоғарыға көтеріліп 
кетеді, ал су төменге қарай ағады, ауаға лақтырылған жер қайтадан төменге түседі. 
«Ай астындағы Дүние» осы төрт стихиядан құралады. Егер Демокрит, я болмаса 
Анаксагор заттарды ұсақ бөлшектердің бір-бірімен араласуының негізінде пайда 
болады десе, Аристотель олар бір-бірімен сіңісіп кетеді деген пікір айтады, яғни затты 
біртұтас нәрсе ретінде оның құрамдас бөлшектеріне теңеуге болмайтынын көрсетеді. 
Сонымен дүниеге келген заттардың формасы болғаннан кейін олар өзінің ішкі 
мақсатына лайықты өзгеріске, қозғалысқа түседі. Аристотель қозғалыстың төрт түрін 
көрсетеді: 
Пайда болу мен кұру. 
Сапалық өзгерістер, яғни заттардың қасиеттерінің өзгеруі. 
Сандық өзгерістер, яғни заттың үлкеюі мен кішірейуі. 
Орын ауыстыру. 
Бірінші қозғалыс түріне келер болсақ, бірдеңе дүниеге белгілі бір мүмкіндіктің іске 
асуы арқылы келеді. Олай болса, пайда болу дегеніміз бір нәрсенің құруына, кұру 
басқа бір нәрсенің Дүниеге келуіне әкеледі. 
Қозғалыс белгілі бір кеңістікті талап етеді және уақыттың шеңберінде болады. 
Аристотель кеңістікті заттың алатын орны ретінде түсінеді, ол Демокриттің 
көзқарасына бүл мәселе бойынша қарсы келеді. 
Уакыт - қозғалыстың саны. Санды есептейтін адамның жан дүниесі ғана. Олай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет