Нуржігіт Алтынбеков
109
екінші жағынан,
игіліктерді әр адамның, қоғамдағы алатын орны арқылы бөлу
керектігінен шығарады.
Әділеттік мәселесі бізді мемлекетке тікелей жеткізеді. Аристотель адамды «гооп
роіііісоп» - саяси жануар ретінде анықтайды, өйткені адам жануарлар сияқты
жалғыздан-жалғыз өмір сүре алмайды. Мемлекет сондықтан
адамдардың бірігіп өмір
сүруінің жолында пайда болған қажетті кұбылыс.
Аристотель мемлекет мэселесін жекеменшікпен және еріктілікпен ұштастырады,
құлдар мемлекеттің азаматы бола алмайды.
Егер Платон жекеменшік жойылу керек деген болса, Аристотель,
керісінше,
онын қажеттігін көрсетеді: «Жекеменшіктің көп пайдалылығын айтпағанның өзінде-ақ,
- дейді ойшыл, - бір нәрсенің иесі болу адамға түсінбейтін ләззат сезімін әкеледі.
Сонымен қатар байлықтың иесі мырза болып, қарапайым хапыққа, кемтарларға
көмектесіп,
оларды колдап отыруы қажет, басқа жағдайда коғам тұрақтылығынан
айырылып қалып, мемлекетке қауіп төнуі мүмкін». Соңғы мәселеге көп көңіл бөліп,
ойшыл ел тұрақты болуы үшін оның негізгі халқы
орта дәрежеде өмір сүруі
керектігін айтады. XX ғасырда әлеуметтік философияда бұл «орта таптың теориясына»
айналды. Аристотельше ойласақ, бүгінгі тандағы біздің
қоғамның құрыльшындағы
орта топтың әлсіздігі, кедейлер мен байлардың айырмашылығының шектен шығуы
коғамның тұрақтылығына теріс әсерін тигізіп жатыр.
Аристотель өз заманының саяси тарихын зерттеп,
мемлекеттің басқару
формаларының заңды түрде алмасып отыратыньш байқайды. Мемлекетте де ол
форманың белсенділігін, өзінің философиясына сәйкес көрсеткісі келеді.
Мемлекеттің басқару формалары билікті ұстап отырған адамдардың санына
қарай бөлінеді, ал оның өзі байлықтың көлемімен тығыз байланысты.
Екінші
жағынан, билік басындағы отырған адамдардың мақсаты қандай: халықтың
мүддесін, я болмаса өздерінікін корғаумен байланыстырады.
Осы екі тұрғыдан Аристотель басқарудың үш дұрыс түрін, үш бұрыс формаларын