Бүйіржақтыжəне конустықшөткелер жол бойындағы тартпаларды тазалау үшін қолданылады. Олар кішігірім көлденең көлемімен жəне жабынды тазалаудағы күрделі формамен ерекшеленеді (9.7 сурет).
сурет. Тартпада бҥйіржақ шӛткенің жҧмыс жасау сызбасы:
1 – машина жылдамдығы; 2 – жол тартпасы ; т–шӛткенің бҧрыштық айналуының жылдамдығы
Цилиндрлік шөткелермен жолдың қатты жабынын, тротуарларды, алаңдарды жəне аэродром жолақтарын тазалау бойынша негізгі жұмыс көлемін атқарады. Олар машина қозғалысы бағытына бұрышпен оның өсьтерінің арасына немесе перпендикуляр – артқы өсінің дөңгелектерінің артына орналасады. Бірінші сызба əмбебап машиналар үшін қолданылады. Олар жылы мезгілде сыпырғыш-тазалағыш жəне суарғыш-жуғыш машиналар ретінде (9.2 суретті қараңыз), ал суық мезгілде қар жинағыш жəне көктайғаққа қарсы əрекет ететін машиналар ретінде қолданылады.
Екінші сызба арнайы мамандандырылған сыпырғыш-тазалағыш машиналарға арналған. Олар мезгілдік құрылғыларға айнала алмайды (9.8 сурет). Тартпалы шөткелер машинаның бір немесе екі бүйіржағына орнатылады жəне қылдары жабынды машинанының сыртқы жағынан тазалай алуы үшін еңкейтілген (9.9 сурет). Қылдың сызықтық жылдамдығы машинаның ілгерілемелі жылдамдығымен сəйкес келуі немесе оған қарама-қарсы болуы мүмкін.
Қалдықты жабыннан жинақтауыш бункерге немесе контейнерге тасымалдау бірнеше тəсілмен жүзеге асырылуы ықтимал. Бірсатылы сызба бойынша қалдық бункерге цилиндрлік шөтке арқылы тасталады (9.10 сурет). Егер бункер шөткенің алдына орналасса, қалдық шөткенің қылынан ол жабынмен əрекет жасап болған соң босап шығады. Егер қыл оны алдыңғы цилиндрлік қабырға арқылы көтерсе, инерция бойынша ол бірден бункерге түседі. Әдетте мұндай сызбалар азгабаритті жəне əмбебап машиналарда қолданылады. Оларда арнайы бункерге жүктейтін құрылғылары жоқ. Арнайы жəне үлкен көлемді əмбебап машиналар механикалық немесе пневмовакумдық құрылғылармен жабдықтлады.