ҚАСИЕТТЕРІ Көлік құрылысында цементбетон автокөлік жолдарының беткі жəне астыңғы қабаттарында жəне аэродромдардың ұшып қону жолақтарында, жол тунелдерінің құламалары мен порталдарын бекітіп қаптауда, жол желілерінің жəне көпірлердің төсеніштерінде, сонымен қатар іргетас, қабырға жəне ғимараттардың төбе жабынында жəне басқа да үймереттерде пайдаланылады. Цементбетон бұл цемент бетонды қоспаның гомогенезді цемент қоспасының, қиыршық тастың бірнеше фракцияларының, құм жəне судың араласып пісіп жетілуінен алынатын қатты кристалды материал. Цементбетонның беріктігі мен ұзақ мерзімді қызмет етуі цемент жəне тас материалдарының сапасымен, судың тазалығымен, су цемент ара қатынасымен, тыңғылықты араластырумен, нығыздалу сатысымен жəне жетілу кезеңіндегі цементбетонды күтіп баптау технологиясының сақталуымен байланысты.
Цементбетон беріктігі үшін маңызды болып саналатын дайындалған цементбетон қоспасының қасиеттері оның қозғалғыштығы мен қаттылығы болып табылады. Қозғалғыштықты стандартты конустың шөгуі тəсілімен анықтайды. Цементбетон қоспасын темір конус тəрізді формаға үш қабаттап салып диаметрі 16 жəне ұзындығы 650 мм болатын темір білікпен 25 рет нығыздау арқылы салады. Нығыздағаннан кейін қоспасы бар форманы аударып астын тегіз жерге қойып тек тік суырады. Цементбетон тартылыс күші əсерінен конус формасын сақтап отыра бастайды.
Бетон отырып болған соң оны өлшеп көрсеткіштерін қоспа қозғалғыштығы ретінде пайдаланады. Қатты қоспалар үшін шөгу нөлге тең, аз қозғалғыш үшін 3 см, қозғалғыш үшін 4 см ден 15 см дейін, құйылмалы үшін 15 см ден артық. Қоспаның қаттылығын амплитудасы 0,35 мм жəне жилігі 50 Гц болатын вибрация əсерінен техникалық вискозимтрдің цилиндірлі беттерін толтыруға кеткен уақытпен есептейді. Жол бетондары үшін цемент бетон қоспаларының қаттылығы 10 нан 40 с дейін құрайды. Қатты бетондар неғұрлым тиімді, аязды жақсы көтереді жəне неғұрлым сапалы цементбетон береді, бірақ мұқият жəне интенсивті араластыруды жəне төсеу кезінде вибромашиналарды қолдануды талап етеді.