Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»



бет89/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   104
Байланысты:
көтеріп тасымалдау маш

8 - бетонараластырғыш; 9 – басқару кабинасы; 10 – скиптік кӛтергіш
Жеке электрстанциясымен, резервуарымен жəне қоспаның құрғақ компоненттерін жəне су қорын сақтауға арналған бункерлермен жабдықталады. Жылжымалы қондырғыларды цемент бетонды жаю фронтына жеткізу жылдамдығы оны инвентарлы жəне стационарлы қондырғылардан жеткізу шығынға əкеліп соққанда пайдалану тиімді болып саналады.
Бетон араластырғыш араластыру барабанынан, құрғақ материалдар жəне су дозаторынан, араластырғыш жетегінен жəне онымен басқару жүйесінен тұрады.
Гравитациялық көлденең немесе иілген ось бойынша айналатын араластырғыш барабанда қоспа компаненттері барабанның ішкі бетінде орналасқан қалақшалармен көтеріп қайта құлату арқылы араластырылады. Гравитациялық барабандар қарапайымдылығымен, аз қуат тұтынуымен жəне ірі қиыршық тастың ірілігіне қарамайтындығымен ерекшеленеді, бірақ су цемент ара қатынасы 0,5 тен аз болатын қатты қоспаларды нашар араластырады.
Аударылмалы гравитациялық периодты əсер ету араластырғыш барабаны (7.17 сурет). Араластырғыш барабаны кесілген конус түріндегі төменгі жəне жоғарғы цилиндрлік бөліктен тұрады. Оларды тістері бар сақинамен ұстатылған цилиндрлік ернеуше біріктіреді. Ернеушелер екі диаметрлік қарама-қарсы орналасқан тегершіктермен домалайды. Бір тегершік тіреуіш болса, ал екіншісі бəсеңдеткіш арқылы электрқозғалтқышпен айналады. Барабан қысқа шетмойын арқылы айналады. Шетмойын оның түбінің ортасына ерітіп жабыстырыл2ғ5а7н жəне оның бағаналарының арасында П- тəрізді аударылған жақтауының маңдайшасына орнатылған мойынтіректі тіреуішке бекітілген. Бағаналарға тіреуіш жəне жетекші мойынтіректер бекітіледі. Ал бағаналардың өздері барабанның бір- біріне диаметрлік қарама-қарсы екі жағынан өтеді де шетмойындық тіреуіштермен араластырғыштың тұғырына бекиді, тіреуіштер жақтаудың барабанмен бірге қисайтуға мүмкіндік к береді.



    1. сурет. Аударылатын гравитациялық араластырғыш барабан:

1 - жақтау; 2 - электржабдық; 3 – барабанды аударатын тұтқа; 4 – скиптік шөміш; 5 – бұрамдық бəсеңдеткіш; 6 – шөміштің көтергіші; 7 - қозғалтқыш; 8 – су мөлшерлегіші; 9 – тісті жетек бөренелер;
10
- барабан; 11 - жақтау; 12 – барабанның айналу өсі;
13 – жылжымалы қалақша

Барабанның ішінде оның бар ұзындық бойында 2.. .3 қалақшалар бекітілген. Олар барабан айналған кезде материалды араластырады. Барабан конустық бөліктің ашық бүйір жағы арқылы жүктеледі жəне осы саңылау арқылы дайын қоспа барабан еңкейгенде өз салмағының əсерінен одан түсіріледі.


Стационарлық гравитациялық бетонараластырғыштың еңкейген конустық барабаны (7.18 сурет). Конустық барабан қиылған қысқа жəне ұзын конустардан тұрады. Олардың негізі цилиндрлік ернеушемен жалғанған. Ернеушеде негізгі мойынтіректен барабанға айналманы жеткізетін өркешті тəжді қима құрастырылған. Барабан шығыршыққа сүйенеді. Шығыршық барабанды астынан алып жатқан жартылай шеңберді траверсте орналасқан. Траверс тірегімен П-тəрізді тұғырдың бағаналарына мойынтірекпен сүйенеді. Барабан ұзын конустың мойны арқылы көлденеңінен жүктеледі, барабан еңкейгенде сол жер арқылы түсіріледі. Қысқа конуста барынша терең цилиндрлік қалақшалар орнатылса, ұзынында еңістеу қалақшалар орнатылады. Еңістеулер қоспаны көтеруді ғана емес, оны
лақтыруды, барабан өсінен ары оның айналуын да қамтамасыз етеді.


Барабанның өсінің еңкеюінсіз дайын қоспаны шиыршықты қалақшалар барабанның кері

258




    1. сурет. Гравитациялық араластырғыш барабан: 1 - тұғыр; 2 - бағана; 3 – еңкейген барабанның

пневмоцилиндрі; 4 - кронштейн; 5 – траверстың тиегі; 6 - барабан; 7 - қима; 8 – өркешті тəж; 9 - қозғалтқыш; 10 – тірек шиыршықтар; 11 – барабан еңкейгенде ұстап тұратын тіректік шиыршық; 12 - траверса; 13, 14 – жылжымалы қалақшалар
айналған кезінде түсіретін барабанның құрылымдары да бар.
Үздіксіз əрекет ететін гравитациялық барабан (7.19 сурет). Гравитациялық барабанның пішіні цилиндрлік болып табылады. Қарама-қарсы жақтағы бүйіржақ жүктегіш жəне түсіргіш люктер көлденеңінен орналасқан. Барабанның ішкі жағындағы қалақшалар бұрандалы жолақта орналасқан. Бұл материалдың жылжуын жақсартып, оны түсіргіш люкке жеткізуге мүмкіндік к береді. Ішкі жағынан барабан корпусы марганецті болатты немесе ақ шойынды тозуға төзімді тақташалармен жалатылған.
Барабан корпусы екі бандажбен ұсталынады, олардың əрқайсысы екі тірегіш шығыршыққа тірелген. Айналу жетекші мойынтіректен барабанға бандаждардың біріне бекітілген өркешті тəж арқылы беріледі. Қоспаның құрғақ бөліктері жүктегіш люкке жүктеме құйғыш арқылы беріледі.
Су мен қоспалар мөлшерлеуішпен байланысқан бүріккіш құрылғыдан барабанның үштен бірінің бірінші ішінен себіледі. Барабанның соңында орнатылған қалақшалар дайын қоспаны түсіргіщ люк арқылы барабаннан үлестіргіш тартпаға жөнелте алуы үшін арнайы бұрылған.


259


    1. сурет. Ҥздіксіз əрекет етуші графитациялық араластырғыш;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет