Цементбетон қоспасын үйлестіргіш алдын ала мөлшерлеу арқылы төсем жолағының ені бойынша цементбетон қоспасын біркелкі үйлестіруге арналған. Мерзімді əрекет ететін бункерлік үйлестіргіш-қайта тиегіштер орнынан қозғалмай цементбетон қоспасын көліктен жолақты конвейерлі үйлестіргіш бункерге тиейді. Цементбетонмен толтырылған бункер төселген жолаққа көлденең қозғалады. Ол қоспаны төселген жолақтың ені бойынша үйлестіреді, содан кейін қайырма арқылы төселген қоспаны тегістеп, жапқышпен кескіндеп алға қарай жылжиды. Бұдан кейін ол бункерді жүктеуге жəне қоспаны үйлестіруге тоқтайды.
Қалақшалы немесе иірімді үздіксіз қызмет ету үйлестіргіші құрылыс жабынының негіздемесіне көліктен алдына түсірілген немесе көлденең қабылдағыш конвейерден тегістеу аумағына түсірілген қоспаныүйлестіреді.
Бетондалған жолақтың негіздемесіне қоспа автокөлікпен түсіріледі. Ол көлік төсем жүргізіліп жатқан бағыт бойынша келеді. Түсіру сызбасын дайындау барысында қоспаның үйлестіргіш алдында тегісірек орналасуына жіті мəн беріледі. Тиегіш жолақты конвейердің қоспаны жанынан келетін автокөліктен қабылдауы үшін бункері кең болады. Конвейер қозғалыс бағытына перпендикуляр бойымен бүйірінен қозғалады жəне қабылдаған қоспаны бетондау аумағына жеткізеді. Алдын ала мөлшерлеу конвейердің жолағынан шығатын қоспа қабатын реттейтін тік жапқышпен жүзеге асырылады.
Қалақшалы үйлестіргіш қоспаны тік қалақшамен тегістейді. Тік қалақша шабуыл бұрышына бұрылады жəне бетондалатын жолаққа көлденең қозғалады. Иірімді үйлестіргіш тəуелсіз реверстік гидрожетегі бар екі автономды иірімнен тұрады. Олар артық қоспаны жолақтың бір жағынан екінші жағына тасымалдауға мүмкнідік береді. Барлық жұмыс операциялары машинаның ілгерілемелі қозғалысына толықтай сəйкес келеді.
Бункерлік үйлестіргіштің жұмыс өнімділігін (Пбунк) келесі формула бойынша есептеуге болады:
271
мұнда, Кбун – бункердің сыйымдылығы; k- ауысым уақытын пайдалану коэффициенті; ?зап – бункерді толтыру уақыты; ?рас – қоспаны үйлестіру жəне бункерді жүктемеге қайтару уақыты; ?пер – үйлестіру үшін машинаның жаңа орынға ауысу уақыты.
Үздіксіз қызмет ететін қоспаны үйлестіргіштің жұмыс өнімділігі (Прас) келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда, Ьжол – төсеу жолағының ені; йқаб – төселетін қабаттың қалыңдығы; Цфак – төсеудің орташа жұмыс жылдамдығы.
Сырғанақ формалы бетонтөсегіш (8.7 сурет) тұрақты негіздемедегі жабын қалыңдығы 400 мм болатын жол құрылысында, сонымен қатар аэродромдар, өндіріс алаңдары құрылысында қолданылады. Ол бетонды үйлестіруге, қоспаны қалыңдату арқылы бетон жабынын төсеуге, кескіндеуге жəне тақта үсті жұмыстарын жүргізуге арналған. Көрші жолақтарды қиыстыру қажеттілігі туындаған жағдайда бетонтөсегіш бетондалатын тақтаның шетіне арматура білігін салады.
Армирленген цементбетон жабыны құрылғысында бетон қоспасын үйлестіргішке арматура торын тасымалдайтын төртдөңгелекті пневмодөңгелекті арбаны тіркейді. Жаңа төселген қоспаға бірінші секцияны жатқызады, оның алдыңғы шетін арбадағы секцияға ерітіп жапсырады жəне арматураларды вибротиегішпен бетонға 60.. .150 мм тереңдікке тиейді.
8.7 сурет. Төрт тірегішті шынжыр табанды шассилі сырғанақ формалы бетонтөсегіш Вибротиегіш бетонтөсегіштің алдында онымен итеру күшін біріктіріп жүре алады немесе
бетонтөсегіштің шассиінде стандартты немесе қосымша құрылғы ретінде болады. Машина жиынтықтарының алға қозғалуы барысында тор секциялары бетонтөсегіштің жұмыс органдарымен кейін өңделетін жаңа төселген бетон қоспасына салынады (8.8).
Бетонтөсегіштің жұмыс өнімділігін (Пб) төмендегі формула бойынша есептеуге болады.
мұнда, Ьжол – жасалған жолақтың ені; Цфак – бетонтөсегіштің орташа жұмыс жылдамдығы.
Егер бетонтөсегіш дайын жабынның қажетті сапасын қамтамасыз ете алмаса, онда бетонтөсегіш жиынтықтың негізгі машиналары өздігінен жүретін өңдегіштермен, қабықша жасаушы машиналармен жəне жіктерді кескішпен қоса жұмыс жасайды.
272
Достарыңызбен бөлісу: |