Даму стратегиясы
Кейс әдісінің тиімділігіне қарамастан, оны әр пәнде қолдануға болмайды. Тек тиісті дағдылар мен жеке қасиеттерді қалыптастыру қажет болған жағдайда. Осыдан осы технологияның даму стратегиясын нақты тұжырымдауға болады. Біріншіден, әдісті ситуациялық белсенділік басым болатын нарықтық кәсіптерді (менеджер, экономист, брокер, имиджмейкер) таңдаған адамдарды оқыту процесінде белсенді қолдану қажет. Екіншіден, бұл кадрларды қайта даярлауда өте өзекті, білім мен дағдыларды жаңартуға көмектеседі. Және, әрине, кейс әдісі мұғалімдердің арсеналында жалғыз болмауы керек, оны дәстүрлі әдістермен (мысалы, дәрістік материал) біріктіру керек.
Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. Б. Салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, Э.хансен, М.В. Коротков, М.В. Кларин, А.И.Наумова, А.М.Зобина, М.С.Керимбаева, В.А.Канн-калик, Н.Д.Никандров, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар қарастыруда.
Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.
Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |