Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет142/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   297
Байланысты:
Панфилова Қарым-қатынас-психологиясы.-Оқулық

154
 
Әрбір ойын қатысушысы не себепті ол адамның ӛзі болмауға тиіс 
екенін тҥсіндіруі тиіс. Онсыз ешкім тірі қала алмайды деп санайды ма, 
әлде барлығының ықыласына бӛленуге тырыса ма? Ойын ӛзара 
әрекеттесу қатысушылары тірі қалу ҥшін қандай әдістер, тәсілдер мен 
техникаларға (әсіресе, екі ойыншы қалып, шар қҧлауды жалғастырған, 
және жеңіс ҥшін біреу ӛзін қҧрбандыққа шалуы тиіс кезде) жҥгінетінін 
кӛрсетеді.
ТҦЛҒА АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСТАҒЫ ТЫҢДАУ 
Тиімді ӛзара әрекеттесу ҥшін сӛйлеу қызметін игеріп қана 
қоймай, тиімді тыңдауды да ҥйрену қажет. Айту және тыңдау – 
вербалды қҧзыреттіліктің екі ең маңызды дағдысы.
Тыңдау — адамның есту және кӛру ынталарын бағытты 
қабылдауы және оларға мән беруі ҥдерісі. Егер есту – дыбыс 
толқындарының 
дабыл 
жарғақтарына 
әсер 
етуі 
арқылы 
анықталатын және арнайы ақыл жҧмсаусыз ӛтетін физикалық ҥдеріс 
болса, тыңдау (тиімді тыңдау) – адамның бҥкіл тҧлғасы қатысатын, 
келіп тҥсетін ақпаратты қабылдау, ойлау, тҥсіну, қҧрылымдау мен 
есте сақтаудың кҥрделі ҥдерісі. Тыңдап тҥсіну кҥнделікті 
қатынасудағы қарым-қатынас сапасына, табысты ӛзара әрекеттесуге 
және ӛзара тҥсініктікке әсер ететін іргелі дағды болып табылады. 
Дегенмен кӛп адамдар, тыңдап тҥсіне алмайды.
Тыңдау қабілеті адамдарда бірдей дамымаған. Зерттеулер орта 
есеппен алғанда, біздің ӛзгелермен қатынасуымыз уақыты келесідей 
бӛлінетінін кӛрсетеді: уақыттың шамамен 42 — 53 % біз ӛзгелерді 
тыңдаймыз, 16 — 32% — ӛзіміз сӛйлейміз, 15—17% — оқимыз, 9—
14 % — жазамыз. Сандарға қарасақ, ақпаратты қабылдау әдісі 
ретінде тыңдау қабілеті коммуникацияда оқу және жазуды бірге 
алғаннан жиі пайдаланылады, демек, мҧндай дағдыны игеру әрбіреу 
ҥшін маңызды.
Адамдардың кӛпшілігі тыңдап тҥсіну қабілетін 70 — 80% 
бағалайды. Алайда зерттеулер шын мәнінде тыңдап тҥсіну қабілеті 
адамдардың кӛпшілігінде не бары 25 % екенін кӛрсетеді, яғни, 
естілген хабарламалардың тӛрттен ҥш бӛлігі жоғалады.
Хабарламаны адамнан адамға жіберу барысында оның 
мазмҧнына не болатынын схема тҥрінде келесідей бейнелеуге 
болады: ойланғаны 100% → айтылғаны ойланғаннан 80% → 
айтылғаннан естілгені 70 % → естілгеннен тҥсінілгені 60 % → 
қабылданғаннан жадыда қалғаны шамамен 24%.
Тыңдау ҥдерісінің негізінде жинақталу жатыр — біздің сезім 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет