Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет111/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

параллельді регистрлер
(жады регистрлері) — ақпарат бір тактпен 
барлық разрядтар бойынша бір мезетте енгізіледі және шығарылады. 
Параллельді регистрлерде сақталынатын және қайтадан енгізілетін 
санмен разрядтық логикалық операцияларды жүргізуге болады. 
Логикалық операциялар түрлері, регистрді құрайтын триггерлер 
типтеріне және басқару сигналдары комбинацияларына байланысты; 
■ 
тізбектелген регистрлер
(жылжыту регистрлері) — ақпарат биттер 
бойынша регистр арқылы өтеді және сонымен қатар, 
n
такттер 
бойынша тізбектелген түрде шығарылатын болады, бұл жерде 
n
— 
сандардың разрядтылығы. Жылжыту регистрлері паралельдідегі 
тізбектілік кодын түрлендіру (және керісінше) үшін, көп разрядты 
сандарды көбейту және бөлу және т.б. үшін қолданылады. 
■ 
комбинацияланған регистрлер
— параллельді енгізу және тізбектеп 
шығару (және керісінше). 
Регистрлер сонымен қатар, ақпаратты ұсыну тәсілдері бойынша 
бөлінеді: 
■ 
бір фазалық регистрлер
— енгізу (және шығару) тек тікелей немесе 
кері (инверстік) кодта жүзеге асырылады; 
■ 
қос фазалық регистрлер 
— тікелей және де кері кодтарды енгшізу 
және шығару мүмкін. 
 
ШИФРАТОРЛАР ЖӘНЕ ДЕШИФРАТОРЛАР
 
 
Шифраторлар сандық жүйелерге ақпаратты енгізудің әртүрлі 
құрылғыларында кеңінен пайдаланылады. Шифратор, немесе кодер деп 
позициялық кодты екілік кодқа түрлендіруге (немесе, дербес жағдай 
ретінде, ондық жүйеден екілік жүйеге түрлендіру) арналған құрылғыны 
атайды. 
Шифратордың кіру орындарына тізбектеліп ондық сандар мәндері 
беріледі, логикалық сигналды кірмесінің біріне беруді шифратор тиісті 
ондық санды беру деп қабылдайды. Бұл сигнал шифратордың шықпасында


екілік кодқа түрленеді. Шифраторлар пернетақтамен жабдықталады, оның 
әрбір клавишасы шифратордың белгілі бір кірмесімен байланысты. Таңдап 
алынған клавиша басылған кезде, шифратордың белгілі бір кірмесіне 
сигнал беріледі, және оның шықпасында клавишадағы символға сәйкес 
екілік сан пайда болады. 
Екілік сандарды кері қарай мәндері бойынша шамалы ондық сандарға 
түрлендіру үшін дешифраторлар, немесе декодерлар пайдаланылады. 
Дешифраторлардың кірмелері екілік сандарды беруге арналған, ал 
шықпалары сәйкесінше ондық сандармен нөмірленеді. 
Кірмелерге екілік сандарды берген жағдайда, нөмірі кіретін санға 
сәйкес келетін шықпалардың бірінде ғана сигнал пайда болады. 
Дешифраторлар кең қолданысқа ие. Оның ішінде, олар сандық 
құрылғыдан шығарылатын сандар мен мәтінді қағазға басатын 
құрылғыларда пайдаланылады. Мұндай құрылғыларда екілік сан, 
дешифратордың кірмесіне түскенде, оның белгілі бір шықпасында 
сигналдың пайда болуына алып келеді. Бұл сигналдың көмегімен, екілік 
кіру санына сәйкес символдың басып шығарылуы орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет