Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


- тарау  МИКРОПРОЦЕССОРЛЫҚ ТЕХНИКА



Pdf көрінісі
бет114/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   159
7- тарау 
МИКРОПРОЦЕССОРЛЫҚ ТЕХНИКА 
 
 
 
 
 
 
7.1.
 МИКРОПРОЦЕССОРЛАР 
 
7.1.1. Микропроцессорлық жүйенің құрылымдық сызбасы 
 
Микропроцессорлық жүйе 
— бұл ақпараттарды өңдеу торабы ретінде 
микропроцессоры 
бар 
есептеуіш 
немесе 
басқару 
жүйесі.
.Микропроцессорлық жүйенің типтік құрылымы 7.1-суретте көрсетілген. 
Оның құрамына кіретін тораптарды қысқаша сипаттаймыз. 
Микропроцессор
(МП) — сандық ақпаратты өңдеу үдерісін жүзеге 
асыратын, бір немесе бірнеше үлкен интегралды сызбаларда (ҮИС)
жасалынған бағдарламалық басқарылатын құрылғы. Микропроцессордың 
құрамына арифметикологиялық құрылғы, басқарушы құрылғы және ішкі 
регистрлер блогы кіреді.
Процессор тактілік импульстар генераторы деп аталатын 
микросызбамен тығыз қатынаста жұмыс жасайды. Ол не сыртқы немесе 
ішкі, енгізілген бір кристалды микропроцессор болуы мүмкін. Тактілік
импульстар генераторы компьютердің барлық тораптарының жұмысын 
сәйкестендіретін, кезеңдік импульстарды өңдеп шығарады. Бұл 
компьютердің барлық ішкі тораптарының жұмыстарына ырғақ беретін 
өзінгдік метроном болып табылады. Микропроцессор осы метроном 
ырғағында жұмыс істейді. Генератордың тактілік жиілігі, бір секунд
ішіндегі тактілер санымен өлшенеді. Такт — бұл ағымдағы импульсты 
беру мен келесісін беруді бастау арасындағы уақыт кезеңі болып 
табылады. Процессордың әрбір операцияны жүргізуіне белгілі бір тактілер 
мөлшері беріледі. Егер метроном жылдамырақ соқса, онда процессор 
жылдамырақ жұмыс істейді. Тактілік жиілік мегагерцтермен (МГц) 
өлшенеді. 1 МГц жиілігі бір секундтағы бір миллион тактіге сәйкес келеді. 
Оның жылдам әрекетін анықтайтын, микропроцессордың басқа 
маңызды 
сипаттамасы 
— 
разрядтылығы. 
Разрядтылық 
деп 
микропроцессор бір мезетте өңдеуі мүмкін, екілік коды разрядтарының 
максималды мөлшерін атайды. Микропроцессордың разрядтылығы, ішіне 


175 
өңделетін деректер орналастырылатын регистрлардың разрядтылығымен 
анықталады. Мысалы, егер регистрдің көлемі 2 байт болса, онда 
процессордың разрядтылығы 16 тең, егер 4 байт болса онда 32, егер 8 байт 
болса, онда 64 тең болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет