256
Кіру және шығу сигналдарының өзара орналасуларын осциллографтан
қарайық. Жиілікті сызбадағы кіру сигналының 49,43 Гц жиілігіне қоямыз
(9.11-суретті қараңыз). Сосын сызбаны іске қосамыз және осциллограф
белгісін басамыз. Осциллографты күйге келтіргеннен кейін, экранда кіру
және шығу сигналдарын көреміз (9.14-сурет). Кіру сигналына аз
амплитудалы қисық сызық, ал шығу сигналына — үлкен амплитудалы
қисық сызық сәйкес келеді. Шығу сигналының кіру сигналынан қалып
келе жатқаны көрініп тұр. Енді, 429,84 кГц қиманың максималды
жиілігіне арналған фазалық бұрышты табамыз. Боде-плоттердің
көмегімен, бұл жиілікке 135,066° фазалық бұрышының сәйкес келетінін
анықтаймыз. Фазалық-жиіліктік сипаттамадағы шұғыл өзгеру фазаның -
180-нен +180°-қа дейінгі белгісіне сәйкес болады. Шұғыл өзгеру шамамен
4,22 кГц жиілігіне сәйкес болады. Бұл мұндай жиілікте кіру және шығу
сигналдары дәл 180° (қарама-қарсы фазада болады) жылжығандығын
білдіреді.
3.3.
Достарыңызбен бөлісу: