82 2.5.2. Көп каскадты күшейткіштердің жиіліктік сипаттамасы Көп каскадты күшейткіштердің жалпы жиіліктік сипаттамасы,
жекелеген күшейткіш каскадтардың жиіліктік сипаттамаларына тәуелді.
Жалпы жағдайларда, көп каскадты жүйеде өткізу жолағы тартылатын
болады. Бірнеше мүмкін болатын жағдайларды қарастырайық.
Бірінші жағдай. Көп каскадты күшейткіштердің барлық каскадтарында
бірдей төменгі шекаралық жиілік f 1
және бірдей жоғары шекаралық жиілік
f 2
болады. Мұндай жағдайда ортақ шекаралық жиіліктерді келесі ұсынылған
арақатынастар бойынша есептеп шығаруға болады:
f1МК
=
f1
√21
𝑛
− 1
; f2МК
= f2
√21
𝑛
− 1; бұл жерде f 1
— күшейткіштің бір каскадының төменгі шекаралық жиілігі; f 2
— күшейткіштің бір каскадының жоғарғы шекаралық жиілігі; f 1мк
— көп
каскадты күшейткіштің төменгі шекаралық жиілігі; f 2мк
— көп каскадты
күшейткіштің жоғарғы шекаралық жиілігі; n — бірдей төменгі немесе
жоғарғы шекаралық жиіліктері бар көп каскадты күшейткіштердің
каскадтары саны.
Осылайша, f 1
төменгі шекаралық жиілігі және f 2
жоғарғы шекаралық
жиіліктер бар бірдей екі каскадтарды, екі каскадты күшейткішке біріктірген
кезде төменгі шекаралық жиіліктері 1,55f 1
дейін ұлғаяды, ал жоғарғы
шекаралық жиіліктері 0,64f 2
дейін төмендейді, яғниөткізу жолағының
тарылуы орын алады. Каскадтар саны ұлғайған жағдайда өткізу жолағы
одан да тарыла түседі.
Екінші жағдай. Жекелеген каскадтардың шекаралық жиіліктерінің
өзара айырмашылықтары өте үлкен. Ең жоғары төменгі шекаралық жиілігі
бар каскад, көп каскадты күшейткіштің шамалас төменгі шекаралық
жиілігін анықтайды. Ең төменгі жоғарғы шекаралық жиілігі бар каскад,
көп каскадты күшейткіштің шамалас жоғарғы шекаралық жиілігін
анықтайды.
2.7-ші мысал. Күшейткіште f 1
= 20 Гц төменгі шекаралық жиілігі және
f 2
= 20 Гц жоғарғы шекаралық жиілігі болсын дейік. Тиісінше, оның өткізу
жолағы f 1
– f 2
~ 20 кГц болады.
Екі тізбектеліп жалғанған бірлей күшейткіштердің төменгі және
жоғарғы шекаралық жиіліктерін және өткізу жолақтарын анықтау.