Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет60/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

 


83
 


84
 
Шешім. Күшейткіштің төменгі шекаралық жиілігі: 
f
1мк
 = 1,55 f
1
= 1,55 • 20 = 31 Гц. 
Жоғарғы шекаралық жиілігі: 
f
2мк
= 0,64f
2
= 0,64 • 20 = 12,8 кГц. 
Тиісінше, екі каскадты күшейткіштің өткізу жолағы: 
f
2мк 
 f
1мк 
~ 12,8 кГц. 
Екі каскадты күшейткіштің өткізу жолағы, өткізу жолағы 20 кГц 
болатын бір каскадты күшейткішпен салыстырғанда 12,8 кГц-ке дейін 
тарылды. 
Күшейткіштің өткізу жолағын сүзгілердің көмегімен түзетуге болады. 
Сүзгі — бұл жиілікті таңдауыш тізбек. Белгілі бір жиілік сигналдары сүзгі 
арқылы өтулері мүмкін, ал басқа жиіліктердің сигналдары сүзгі арқылы 
қатты әлсіреген қалыпта өтеді. Әдетте, сүзгілердің төрт типтері 
қолданылады: 
■ 
төменгі жиіліктер сүзгісі — төменгі жиіліктерді өткізеді және 
жоғарғыларды өткізбейді (2.17, а суреті); 
■ 
жоғарғы жиіліктер сүзгісі — жоғарғы жиіліктерді өткізеді және 
төменгілерді өткізбейді (2.17, б суреті); 
■ 
жолақ сүзгісі — жиіліктердің белгілі бір жолағын өткізеді (2.17, в 
суреті); 
■ 
жолақты кедергілеу немесе режекторлық сүзгі 
— жиіліктердің белгілі 
бір жолақтарының ауытқуларын өткізбейді және бұл жолақтың шегінен 
шығатын жиіліктері бар ауытқуларды өткізеді(2.17, г суреті). 
2.17-ші суретте санамаланған сүзгілердің мінсіз және шынайы жиіліктік 
сипаттамалары келтірілген. Мінсіз сүзгі есептеу және математикалық 
модельдерде пайдаланылатын, абстракциялық ұғым болып табылады. 
Мінсіз сүзгінің өткізу жолағында жоғалтулар болмайды, ал кедергі 
жолағындағы жоғалтулар өте үлкен болады. Мінсіз сүзгінің жиіліктік 
сипаттамасы іс жүзінде қол жетімсіз, өйткені сызықтық сызбалар 
сипаттаманың талап етілетін ажырауларын жүзеге асыра алмайды. 
Бірақ, шынайы сүзгілердің сипаттамалары, белгілі бір сызба техникасы 
және элементтік базасы жағдайында мінсіз сипаттамаға жақындауы да 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет