Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


 сурет. Қарапайым тұрақтандырылған қуат көзі: а



Pdf көрінісі
бет88/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

 
4.8 сурет. Қарапайым тұрақтандырылған қуат көзі:
а — электр сызбасы; б — осциллограмма
■ 
стабилитрон арқылы өтетін номиналды тоқ — 1
ст.ном
= 30 мА; 
■ 
стабилитрон арқылы өтетін максималды рұқсат етілетін тоқ — 1
ст max
60 
мА-дан кем емес. 
Осы 
параметрлер 
бойынша 
анықтамада 
1N4739A 
лайықты 
стабилитронын таңдаймыз. 
Бір стабилитроннан артық тұрақтандыру кернеуін алу үшін, 4.7, б 
суретте көрсетілгендей стабилитрондардың тізбектеліп қосылуын қолдану 
қажет. Мысалы, 18 В тұрақтандыру кернеуін алу үшін, тұрақтандыру 
кернеуі 9 В болатын екі 1N4739A стабилитронын алу қажет. 
Параметрлік тұрақтандырғыштың тұрақтандыру коэффициентін R

ұлғайту жолымен немесе тұрақтандырғыштарды тізбектеп қосу жолымен 
ұлғайтуға болады. 
Бүкіл баяндалғандардың қорытындысы ретінде, енді 4.1-суреттегі 
құрылымдық сызбаға сәйкес келетін және трансформатор, бір жарты 
кезеңдік түзеткіш, бәсеңдетуші сыйымдылық сүзгісі, параметрлік 
тұрақтандырғышы тәрізді барлық құрамдас бөліктерден тұратын 
қарапайым қуат беру көзінің электр сызбасын (4.8, а суреті) жасауға 
болады. 4.8, б суретіндегі осциллограммадан көрініп тұрғандай, бұл 
қарапайым сызба, кестесі көлденең сызықты түзетін, жоғары сапалы 
шығатын орын кернеуін қамтамасыз етеді.
4.3.2. 
Интегралды тұрақтандырғыштар 
Құрылымдық сызбасы интегралды микросызба түрінде жүзеге 
асырылған тұрақтандырғыш, интегралды тұрақтандырғыш деп аталады. 
Интегралды 
тұрақтандырғыштағы 
жүктеменің 
рұқсат 
етілетін 
қуаттылығын ұлғайту үшін, сонымен бірге аспалы жартылай өткізгіш 


элементтер (суытуға арналған қуатты транзисторлар және т.б.) қолданылуы 
мүмкін. Интегралды тұрақтандырғыштар реттелмейтін, яғни шықпада 
тіркелген кернеуді береді (мысалы, 5 В, 9 В, 12 В), немесе реттелетін және 
кернеуді пайдаланылатын микросызбаның типімен анықталатын бірқатар 
шектерде беретін болып бөлінеді. Барлық микросызбалар міндетті түрде, 
олар өздері қамтамасыз ете алатын белгілі бір максималды тоққа 
есептелген. Бұл тоқтың шегінен шығу микросызбаның істен шығуына 
алып келуі мүмкін. Заманауи микросызбалар, максималды тоқ мәнінен 
асқанда микросызбаны сөндіруді қамтамасыз ететін тоқ бойынша 
қорғаныспен және қызып кету бойынша қорғаныспен жабдықталады. Оң 
шығыс кернеулері микросызбаларымен бірге, теріс кернеулі микросызбалар 
болады. Олар негізінен екі полярлы қуат беру көздерінде пайдаланылады. 
Реттелмейтін кернеу тұрақтандырғыштары. Қазіргі таңда отандық және 
шетелдік тұрақтандырғыш микросызбалардың ассортименті айтарлық 
ауқымды. Шетелдік реттелмейтін (тіркелген) шығыс кернеулері бар желілік 
микросызбаларының таңбалануы 78xx/79xx түріне ие. 78xx сериялы 
микросызбалары (мысалы 7805, 7806, 7809 және т.б. микросызбалар) оң 
шығыс кернеулеріне ие (жерге қатысты), ал 79xx сериялы микросызбалары 
(мысалы, 7905, 7906, 7909 және т.б. микросызбалар) теріс шығыс 
кернеулеріне ие. 
Шетелдік реттелмейтін 78xx сериялы микросызбаларының аналогтары, 
отандық КР142ЕН5А, КР142ЕН5Б, КР142ЕН8А, КР142ЕН8Б, КР142ЕН8В, 
КР142ЕН9Ж, КР142ЕН9И, КР142ЕН9К отандық микросызбалары, ал 79xx 
сериялы микросызбаларының аналогтары — КР1162Е- Н5А, КР1162ЕН6А, 
КР1162ЕН8А, КР1162ЕН9А, КР1162ЕН10А, КР1162ЕН12А, КР1162ЕН15А, 
КР1162ЕН18А, КР1162ЕН24А отандық микросызбалары болып табылады. 
Оң шығыс кернеуі бар микросызбалардың шығыстарының орналасуы 
(солдан оңға қарай): кіретін орын, ортақ, шығатын орын. Теріс шығыс 
кернеуі бар микросызбалардың шығыстарының орналасуы (солдан оңға 
қарай): ортақ, кіріс, шығыс. Оң шығыс кернеуі бар микросызбалардың 
шығыстарының және қосылу сызбаларының орналасуы 4.9, а суретінде 
көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет