141
қасиеті қысқа тұйықталу орыналған жағдайда жүктемені сөндіруге қабілеті
болып табылады.
Бірқатар электр сызбалары үшін екі полярлы қуат беру көзі қажет,
сондықтан қуат беру көзінің мұндай мүмкіндікті қамтамасыз ете алғаны
абзал.
5.2. ЭЛЕКТРОНДЫ КОМПОНЕНТТЕРДІ ТЕКСЕРУ
Электр сызбаларын конструкциялау және жөндеу практикасында,
электронды компоненттердің жұмысқа қабілеттіліктерін тексеру міндеті
пайда болады.
Жиі кездесетін электронды компоненттерді тексерудің қараапайым
әдістерін келтіреміз.
Диодтарды тексеру. Диодтарды тексеру барысында диодтың бір
бағытта тоқты өткізу қасиеті пайдаланылады. Мультиметрдің жұмыс
тәртібін ауыстырғышты диод белгісіне қоямыз. Мультиметрдің қызыл
сүңгісін диодтың бір шығысына, қара сүңгіні – басқа шығысына қоямыз.
Егер, мультиметр 300-ден 800-ге дейінгі кедергіні көрсетсе, қызыл
сүңгі қойылған диодтың түбі – бұл анод, ал басқа түбі – катод болып
табылады. Одан әрі сүңгілердің орындарын ауыстырамыз.
Диод кері бағытта тоқ жібермейді, және егер, диод жарамды болса,
мультиметрдің экранынан бірлікті көре аламыз, бұл «шексіз» кедергіні
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: