129
Қорытындысында,
қарапайым, бірақ жұмысқа қабілетті екі полярлы
зертханалық қуат блогы сызбасын келтіреміз (4.10-шы сурет).
Сызба
шығысында 1,5 А-ға дейінгі шығыс тоғы жағдайында, ±1,5...37 В ауыспалы
кернеуін алуға мүмкіндік береді. Конструкцияның негізі —КР142ЕН12А
(оң кернеулі реттелетін тұрақтандырушы) және КР142ЕН18А (теріс
кернеулі реттелетін тұрақтандырушы) микросызбалары болып табылады.
Трансформатор екі қайталама орамдарда шамамен 25...30 В және 1,5 А
болатын тоқтың номиналды күшін қамтамасыз етуі қажет,
яғни оның
қуаттылығы шамамен 40 Вт болуы қажет. Трансформатордың қайталама
орамдарының
шығыстарынан, кернеу көпірлік сызба бойынша жиналған
түзеткішке беріледі. Сызбада жүктеме тоғы 1,5 А
кем болмайтын және
жұмыс кернеуі 50 В төмен болмайтын түзеткіш диодтарды пайдалануға
болады. Түзеткіштерден лүпілдеп
тұрған тұрақты кернеу С
1
және
С
5
бәсеңдетуші конденсаторларына беріледі. Бұл конденсаторлардың міндеті
— тұрақты кернеудің лүпілдеуін неғұрлым
көбірек төмендету болып
табылады. Егер, бәсеңдетуші конденсаторлардан тұрақтандырғыштарға
дейінгі өткізгіштердің ұзындығы 15 см
кем болса, онда
С
2
және
С
6
конденсаторларын қоймауға болады.
R
1
резисторы және
HL1
жарық диоды,
іске қосылған қуат блогының жарық сигнализациясына арналған.
R
2
,
R
3
және
R
4
,
R
5
резисторларындағы кернеуді айырғыштың көмегімен,
тұрақтандырғыштардың шығысындағы кернеу реттеледі.
Қалыпты
температуралық тәртіпті қамтамасыз ету үшін, оларды радиаторларға қою
ұсынылады.