Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Реттелетін кернеу тұрақтандырғышы



Pdf көрінісі
бет89/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

Реттелетін кернеу тұрақтандырғышы. Реттелетін үш шықпалы оң
кернеулі тұрақтандырғыштары, 1,2... 37 В шығыс кернеулері диапазонында 
1,0... 1,5 А жүктеме тоғын қамтамасыз етеді. Бұл тұрақтандырғыштар 
қолданыста аса оңтайлы және шығыс кернеуін белгілеу үшін тек екі сыртқы 
резисторды талап етеді. Бұдан бөлек, кернеу және жүктеме тоғы бойынша 
тұрақсыздық бойынша бұл тұрақтандырғыштар, тіркелген шығыс 
кернеулері бар дәстүрлі тұрақтандырғыштарға қарағанда таңдаулы 
көрсеткіштерге ие. Реттелетін тұрақтандырғыштарда, тоқты шектеу 
сызбасы мен қызып кетуден қорғаныстан тұратын артық жүктемеден 
қорғаныс құралдары болады. Шетелдік LM117 сериялы реттелетін 
тұрақтандырғыштары, әдетте, тұрақтандырғыш микросызбасы шығыс қуат 


127 
көзі сүзгісі конденсаторынан алыс орналасқан жағдайлардан өзгеелерінде, 
қосымша конденсаторларды қосуды талап етпейді, мұндай жағдайда кіріс 
конденсаторы талап етіледі. Міндетті емес шығыс конденсаторы жоғары 
жиіліктерде 
тұрақтандыруды 
жақсартуға 
мүмкіндік 
береді, 
ал 
микросызбаның басқарушы шығыс конденсатормен ұштастыру, кернеудің 
лүпілін бәсеңдету коэффициентін мәнін арттырады. Оң шығыстары бар 
реттелетін тұрақтандырғыштардың шығыстарының орналасуы және қосылу 
сызбалары 4.9, б суретінде көрсетілген. 
Реттелмейтін және реттелетін отандық тұрақтандырғыштардың және 
олардың шетелдік аналогтарының бірқатар типтерінің сипаттамалары 4.3-
ші кестеде келтірілген.
Микросызбалардың шығыстарының орналасуын шатастырып алмау 
үшін, қолданар алдында аталмыш микросызбаға арналған төлқұжаттық 
деректермен танысу қажет. 
4.9- сурет. Кернеу тұрақтандырғышының микросызбасының қосылуы: 
а — реттелмейтін тұрақтандырғыш; бреттелетін тұрақтандырғыш; 1.3 
— микросызбаның шығысы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет