135
Егер, оны мысалы, 1 В өлшеулер шегіне қосса, ал 220 В желіге қосса, яғни
шәкілде дұрыс емес өлшемдер шектерін белгілесе, вольтметрді істен
шығаруға болады. Сондықтан, егер, өлшенетін шаманың үлгілік мәні
белгісіз болса, онда алдымен өлшеулердің максималды диапазоны
орнатылады, ал сосын қажетті диапазонға түскенге дейін, оны біртіндеп
төмендете бастайды. Жұмыс барысында өлшеулердің диапазонын
автоматты таңдауы бар мультиметрлер модельдері аса оңтайлы (5.1-ші
суретте сол жақтағы модель). Бұл жағдайда өлшеулер диапазонын алдын
ала белгілеудің қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: