Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет96/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   159
5.1.4. Қуат беру көзі 
Қуат беру көзі электр сызбаларының жұмысқа қабілеттілігін тексеру 
үшін қажет. Қуат беру көзін таңдағанда кернеу мен тоқты реттеу 
диапазондарына назар аудару қажет. Кернеу нөлден 24...30 В-қа дейінгі 
аралықта баяу немесе сатылы реттелуі тиіс. Максималды шығу тоғы 
модельге байланысты 1-ден 10 А дейін болуы қажет. 
5.6-шы суретте, келесі ұсынылған сипаттамаларға ие HY3003D-2 екі 
арналы зертханалық қуат беру көзі моделі ұсынылған: 
■ 
шығыс кернеуі/ шығыс тоғы— 2 х 0-30 В / 2 х 0-3 А; 
■ 
дисплейі — 4 х LCD; 
■ 
дәлдігі — кернеу ±1%, тоқ ±1,5%; 
■ 
көлемі — 365 х 265 х 164 мм; 
■ 
салмағы — 8 кг. 
Максималды шығыс тоғы бар қуат беру көзін таңдағанда, бірқатар 
құрылғылардың, 
іске 
қосу 
сәтінде 
бірқатар 
уақыт 
кезеңінде 
(миллисекундтан секундқа дейін) номиналды мәннен бірнеше есе асатын 
жоғарылатылған тоқты тұтынатынын және қуат беру көзінің бұл жүктеге 
төзуінің қажет екендігін ескеру қажет. Қуат беру көзінің өте пайдалы 


141 
қасиеті қысқа тұйықталу орыналған жағдайда жүктемені сөндіруге қабілеті 
болып табылады. 
Бірқатар электр сызбалары үшін екі полярлы қуат беру көзі қажет
сондықтан қуат беру көзінің мұндай мүмкіндікті қамтамасыз ете алғаны 
абзал. 
5.2. ЭЛЕКТРОНДЫ КОМПОНЕНТТЕРДІ ТЕКСЕРУ 
Электр сызбаларын конструкциялау және жөндеу практикасында, 
электронды компоненттердің жұмысқа қабілеттіліктерін тексеру міндеті 
пайда болады.
Жиі кездесетін электронды компоненттерді тексерудің қараапайым 
әдістерін келтіреміз. 
Диодтарды тексеру. Диодтарды тексеру барысында диодтың бір 
бағытта тоқты өткізу қасиеті пайдаланылады. Мультиметрдің жұмыс 
тәртібін ауыстырғышты диод белгісіне қоямыз. Мультиметрдің қызыл 
сүңгісін диодтың бір шығысына, қара сүңгіні – басқа шығысына қоямыз. 
Егер, мультиметр 300-ден 800-ге дейінгі кедергіні көрсетсе, қызыл 
сүңгі қойылған диодтың түбі – бұл анод, ал басқа түбі – катод болып 
табылады. Одан әрі сүңгілердің орындарын ауыстырамыз.
Диод кері бағытта тоқ жібермейді, және егер, диод жарамды болса, 
мультиметрдің экранынан бірлікті көре аламыз, бұл «шексіз» кедергіні 
білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет