Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет129/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

202
2.6.


Планкалы түймелікті бұйымдарда мойын ойындысының қиығын 
шеттіктеуді планканы қосып тіккенге дейін орындайды. 
Тұтас пішілген өңірастылы бұйымдарда мойын ойындысын 
көлбеу көмкермемен немесе жиектемемен шеттіктеуді өңірастының 
үстіңгі қиықтарын өңдеумен қатар жүргізеді. Өңірастын бұйымның 
ішкі 
жағына 
айналдырады, 
шеттіктеу 
кесіндісінің 
ұшын 
өңірастының ішкі жиегінің астына бүгеді және оны негізгі 
бөлшекпен өңірастымен бірге қосарлы тігіммен бекітеді. Бекітпені 
мойын ойындысының шеттіктеу тігімінің бойымен немесе оған 
көлденең орналастырады. 
Қима өңірастылы бұйымдарда мойын ойындысын шеттіктеуді 
өңірастыларды қосып тіккенге дейін жүргізеді. Өңірастылардың 
үстіңгі бүктелген жиектерін шеттіктеу тігімі бойынша бекітеді. 
Шеттіктеу көмкермесінің не көлбеу көмкерменің ұштары бауға 
өтіп кетуі мүмкін. 
Кез келген пішінді ойығы бар бұйымдардың мойын ойындысын 
жай жиекті немесе көмкермелі жөрмеу тігісімен өңдеуге болады. 
Жөрмеу бөлшегі ретінде ені 40...60 мм, мойын ойындысының пішіні 
бойынша кесілген пішілген әдіпті немесе ені 20-дан 50 мм-ге дейін 
түрленетін көлбеу көмкермені пайдаланады. Бұйымның модельдік 
ерекшеліктеріне байланысты мойын ойындысын жөрмеу кезінде 
пішілген әдіпті немесе көлбеу көмкермені бұйымның беткі не ішкі 
жағына орналастырады. 
Пішілген әдіптің бөліктерін жөрмер алдында қатырмалайды, 
одан кейін иық қиықтары бойынша жатқыза үтіктеп қайым тігіспен 
сырып тігеді. Тігіс ені 5...7 мм. Ішкі қиығын жиектеп торлайды 
немесе ішкі жағына 5...7 мм бүктей отырып, бүкпе бойымен ені 1...2 
мм тігіспен бүгіп тігеді. Көлбеу көмкермені жөрмер алдында, бір 
жақты соза және екінші жақты отырғыза отырып пішінін реттейді, 
сол арқылы оған мойын ойындысы ойығының пішінін береді. Егер 
көлбеу көмкермемен түймеліксіз мойын ойындысын жөрмесе, онда 
көлбеу көмкермені ені 5...7 мм қайым тігіспен жатқыза үтіктеп 
шығырға біріктіреді. Сырып тігу тігімін арқаужіп бағытында 
орналастырады. Көлбеу көмкерменің ішкі қиығын ішкі жағынан 
шаблон бойынша 5...10 мм-ге жатқыза үтіктейді. 
Әдіпті беткі жағымен бұйымның беткі жағына жапсырады, 
қиықтарын және бұйым мен әдіптің иық тігістерін сәйкестендіреді, 
одан кейін мойын ойындысының қиығын жөрмейді. Тігіс ені 5...7 
мм. Тігіс қосымшаларын тігімге дейін 1...2 мм жетпестен кертеді не 
кертпелейді. Жөрмеу тігісінің қосымшаларын әдіпке сырып тігеді. 
Тігімді әдіптің беткі жағынан жөрмеу тігісінен 1...3 мм 
арақашықтықта салады. Одан кейін әдіпті бұйымның ішкі жағына 
бүгеді де, бұйым материалынан ені 1...2 мм жиектеме жасай 
203


отырып, баса үтіктейді. 
Әдіптің ішкі жиектерін иық тігістеріне параллель машина 
тігімдерімен, ал артқы бой мен алдыңғы бойға қолмен жасырын 
инешаншымдармен бекітеді. Әдіптердің ішкі жиектерін бұйымның 
негізгі бөлшектеріне жасырын инешаншымдық машинада әдіптің 
бүкіл ұзындығы бойынша бекітуге немесе тігімді әдіптің ішкі 
жиегінің бойымен сала отырып, негізгі бөлшекке сырып тігуге 
болады. 
Мойын ойындысының жиегі бойынша орналасқан әрлегіш 
тігімді бұйымдарда жөрмеу тігісінің қосымшаларын әдіпке сырып 
тікпейді. Мойын ойындысымен біріктіргеннен кейін әдіпті 
бұйымның ішкі жағына айналдырады, жөрмеу тігісін түзейді, әдіп 
жақтан жиектеме жасай отырып айналдыра көктейді де, баса 
үтіктейді. Одан кейін мойын ойындысы сызығының бойымен 
бұйымның беткі жағынан әрлегіш тігім салады, оның ені модельмен 
анықталады. Салынған белгіні алып тастайды, мойын ойындысын 
бұйымның ішкі жағынан баса үтіктейді. 
Мойын ойындысын көлбеу көмкермемен өңдеуді сол 
реттілікпен жүргізеді. 
Бітеу тіліктегі түймелігі бар бұйымдарда мойын ойындысын 
түймелікті өңдеумен қатар пішілген әдіппен өңдейді. 
Өңірастылы түймеліктері бар бұйымдарда мойын ойындысын 
пішілген әдіппен жөрмеуді әдіптің бүйір жақтарын өңірастының 
ішкі қиықтарына қосып тіккеннен кейін орындайды. Жөрмеу тігімін 
бір бүйір жиегінен бастап екінші бүйір жиегіне дейін салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет